«Сүйікті ойыншықтар»

Жанова Мереке Хыдыровна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»

 

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар.

Мақсаты:а) Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) «Ң» дыбысын қайталау, дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резеңке.

Көрнекіліктер:№8 демонстрациялық материал. (түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс: Ойыншықтар, қуыршық, машина.

Билингвальды компонент: Ойыншықтар – игрушки, қуыршық — кукла, машина — машина.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

        Дос болып біз жүрейік,

        Ойнайық та күлейік.

        Достық деген тамаша

        Міне, тұрмыз жараса.

—          Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.

Шаттық шеңберіне тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.

 

 

Қуанады.

 

Ұйымдастырушылық –ізденістік

—          Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

—          Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?

 

Билингвальды компонент: ойыншықтар- игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина.

 

 

Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.

—          Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Алақай, малақай! Суф! Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.

 

 

 

—          Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық.

2-3 ойыншықты көрсетеді. (машина, қуыршақ, доп).

Мынау не? Машина. Ол қандай? Машина жүргенде «ың-ың-ың» дыбысын шығарады екен. «Ң» дыбысын айтайық. Қайталаймыз. Қайталайды. Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады).

Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.

 

Сергіту сәті:

         Құлыншағым, құндызым,

         Құлдырайды, шабады.

         Жылтыңдаған жұлдызым

         Құстай қанат қағады.

                                         (І.Жансүгіров)

 

№8 үлестірмелі материалмен жұмыс.

Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.

 

—          Иә!

 

—          Қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан т.б.

Ойыншықтар – игрушки, қуыршық — кукла, машина – машина сөздерін қайталайды.

 

 

 

 

 

Сәлемдеседі.

 

—          Иә! Көздерін жұмады.

 

—          Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді.

Ойыншықтарды атап, сипаттайды.

 

 

 

 

 

—          Мынау – машина.

—          Ол қатты, қызыл, әдемі.

«Ың-ың-ың» деген дыбыс шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоштасады.

 

 

 

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

 

 

 

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

 

Рефлексиялық

түзетушілік

—          Бүгін бізге қонаққа кім келді?

—          Қайда бардық?

—          Нені көрдік?

—          Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

Педагог сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды;

Түсінеді: ойыншықтарды, ұқыпты, күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.

 

 

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх