«Ойлан, тап»

Спандиярова Рахила Абылайқызы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: Тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Ойлан, тап»

 

 

Білім беру саласы: Коммуникация. Таным. Әлеумет.

Ұйымдастырылғын оқу қызметі: Қорытынды оқу қызметі.

Тақырыбы: « Ойлан, тап»

Максаты: 1. Балалардың  жыл  бойы  алған  білімдерін  қайталау. Балалардың  білімдерін, біліктіліктерін  бекіту. Санауды, сандарды  ж/е  кеңістікті  бағдарлай  білу  қабілетін, қосу  ж/е  азайту  амалдарының  мағынасы  туралы  білімдерін  тиянақтау.

2. Есте  сақтау  қабілетін  дамыту. Балалардың  біліміне  қорытынды  жасау.

3. Балалардың  біліміне  қорытынды  жасау.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, релаксация жаттығуы, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекіліктер: сұрақтар,ребустар, слайд-шоу, тапсырмалар.

 

 

Әрекет кезеңдері

 Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

 

Мотиваци-

ялық

қорғаушы

 

 Арайлап  таң  атты

 Алтын  шуақ  таратты

 Қайырлы  таң!

 Қайырлы  күн!

Саламатсыздар  ма, апайлар!

—          Балалар  бүгінгі күн  қандай  тамаша! Жарқын

күнмен  амандасып  алайық.

 Армысың  Алтын  күн!

 Армысың  Жер  Ана!

 Армысың  көк  Аспан!

 Әр  үйге  нұр  түссін!

 Әр  үйге  күн  түссін!

—          Жарайсыңдар  балалар! Орындарыңа  барып  жайғасыңдар.

 

Балалар апайлармен амандасады.

 

 

Сөздерді  қайталадйды.

 

 

Іздену-

ұйымдастырушы

 

-Балалар бір  жылда  неше  мезгілі бар?

-Қазір  жылдың  қай мезгілі?

-Көктем  мезгілінде  неше  ай  бар? Атап беріңдер?

-Көктемде ауа-рай қандай болады?

-Көктем туралы тақпақ айтып беріңдерші.

 

 

 

 

-Бір аптада неше күн бар?

-Апта күндерін атап беріңдер?

-Балалар біздің топқа сыйлық  келіпті. Көрдіңдер ма сыйлықтың  бетінде көптеген тапсырмалар бар, сол тапсырмаларды орындасақ  суретте не бар екенін көреміз. Қараңдаршы сурет  бетінде сандар бар, сол сандарды санайық.

 ( Тура ж/е кері  санау)

-Жарайсыңдар  балалар, өте жақсы! Олай болса 1 санын ашып қарайық.

1-тапсырма: Пішіндерді  атап  бер.

( Пішінді атап, түсін атап, ұқсастығын табу)

-Жарайсыңдар  балалар! Келесі тапсырманы оқиық.

2-тапсырма: Д/о: «Төлін  тап»

(Сызық арқылы төлін табу ж/е үй жануарлары туралы айтып беру)

3-тапсырма: Жұмбақтарды  шешу.

( жабайы жануарлар жайлы айту)

4-тапсырма: Логикалық  ойын:

« Атаға көмектес»

( Ұзын-қысқы, жуан-жіңішке)

5-тапсырма: «Қағаз  бетіндіегі  суреттер қалай  орналасқан?»

( Кеңістікті  бағдарлау)

 

       Орнымыздан тұрайық

       Қолды белге қоямыз

       Бұрыламыз  оңға  бір

       Бұрылымыз солға бір

       Жаттығуды  жасасақ

       Жақсы  сергіп  қаламаз!

 

6-тапсырма:  Логикалық  есептер  шешу.

 

 7-тапсырма: Санамақ  айтып беріңдер.

    

8-тапсырма:  Денсаулық  туралы  мақал-мәтел айтып беріңдер.

 

9-тапсырма:  Қазақстан  Республикасы  туралы не білесіңдер?

 

10- тапсырма: «Қандай  ертегі  екенін  тап?» ( Слайд  арқылы  көрсету)

 

11-тапсырма:  «Ребусты шеш»

( Слайд  арқылы  көрсету)

 

12-тапсырма: «Сөздерге дыбыстық талдау жаса» (берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау)

 

-Қараңдаршы  балалар біз  барлық  тапсырмаларды  орындадық. Суреттің  беті  аштық. Осы  сурет  бойынша  маған  кім  әңгіме  құрастырып  береді?

 

4 мезгіл

Көктем

3 ай бар

Күн жылынады

Аружан

Нарасыл:

Көктем,көктем,көктемде

Құстар ұшып жеткенде

Біз қуанып қаламыз    

Әнмен қарсы аламыз

Балалалр атап береді.

 

 

 

 

 

 

 

1-ден 20-ға дейін санайды.

 

 

Геометриялық пішіндерді айтып береді.

 

 Тапсырманы орындайды.

 

 

Ойлана отырып, жұмбақтардың шешуін табады.

 

Кеністікті бағдарлайды.

 

 

 

 

Бір сергіп алады.

 

 

 

 

 

 

Есептерды шығарады.

 

Санамақ айтып береді.

 

Мақал-мәтел айтады.

 

 

Рәміздер туралы өз түсініктерін айтады.

 

Ертегінің тақырыбын айтады.

 

Ребусті шешіп, кандай сөз шыққанын айтады.

 

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

 

 

Сурет бойынша әңгімелеп береді.

 

 

 

 

Рефлексті-  коррекциялаушы

 

-Балалар бүгін біз қандай оқу іс-әрекетін өттік?

-Бізге  қандай сыйлық  келді?

-Онда  не  бейнеленген?

-Қандай тапсырмалар орындадақ?

-Жарайсыңдар  балалар! Бүгін  сендер  оқу  іс-әрекетіне  жақсы  қатыстыңдар!

-Ал, енді  апайлармен қоштасайық!

 

       Орнымыздан  тұрайық

       Көріскенше  күн жақсы

       Сау-саламат  болайық

       Сау  болыңыздар!

      

 

 

Білуі  керек: Балалар  бойында  біліктілік болуы  қажет.

Болуы  керек: Балалардың  есте  сақтау  қабілеті  болуы  керек.

Баланың  қолынан  келуі: Өз ойындағысын  айтып  жеткізе  білуі  керек.

 

Оставьте комментарий

Прокрутить вверх