6В07105-«Өндірістік жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы

Епенова Жанар

ЖОО: Ш. Есенов атындағы каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Білім беру бағдарламасының мақсаттары – түлектің қызмет саласында табысты жұмыс істеуіне, оның әлеуметтік ұтқырлығы мен еңбек нарығындағы тұрақтылығына ықпал ететін әмбебап және пәндік-мамандандырылған құзыреттерді меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіптік білім алу болып табылады.

БББ ерекше белгілері (бірегейлігі):

— 4 жылдық оқу

— өндірістік кәсіпорындарда дуальді оқыту жүйесі

    Пәндер:

  1. Жылуландыру және жылу желілері— Өмірзақ А. А. — ЖШС «МАЭК-Қазатомпром» мекемесінде пайдалану департаментінің технологиялық жоспарлау бөлімінің 1 санатты инженер-технологы
  2. ЖЭС бу-газ және газ турбиналық қондырғылары-Жәнібеков Н. С. – ЖШС «МАЭК-Қазатомпром» жетекші маманы
  3. 3. Кәсіпорындарды электрмен жабдықтау және электр жабдықтары— Сағымбеков Ж. Б -АҚ «МӨЭК» -Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары

    Зерттеулер:

Ақтау қаласын жылумен жабдықтауды әзірлеу және зерттеу;

— Маңғыстау облысында сумен жабдықтауды әзірлеу және зерттеу;

— Күн панелінің электр-оптикалық қасиеттерін зерттеу;

академиялық ұтқырлық: Алматы энергетика және байланыс университеті Г. Даукеева, Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті.Н. Носова, Әзірбайжан техникалық университеті

«Жылумен жабдықтау» және «Сумен жабдықтау» траекториясы бойынша оқыту

 

Өндірістік жылуэнергетикасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия көздерін өндіретін, трансформациялайтын, тарататын және тұтынатын қондырғылар мен жүйелерді әзірлеуге және қолдануға бағытталған адами қызметтің құралдары, тәсілдері мен әдістері жиынтығын қамтитын техника саласына жатады.

Жылу энергиясын өндіру процесі жылу электр станцияларында (ЖЭС) және жылу электр орталықтарында (ЖЭО) жүзеге асырылады. Кәсіпорындардың осы екі түрі қазіргі уақытта жылу мен электр энергиясының негізгі жеткізушісі болып табылады, өйткені энергия ресурстарының бұл түрлері бір-бірімен өте тығыз байланысты. Қазіргі уақытта бұл әдіс кеңінен қолданылады — жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі, ол ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда да, тұрғын аудандарды жылыту үшін де қолданылады.

Қалыптасқан терминологияға сәйкес жылу энергетикасы барлық типтегі энергия ресурстары мен энергия тасығыштарды алуды, қайта өңдеуді, қайта құруды, сақтауды және пайдалануды қамтиды.

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің  6В07105-«Өндірістік жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 07.07.2007 жылғы № 319 Заңы негізінде өзгертулер мен толықтырулармен, 04.07.2018 № 171-VІ Заңына сәйкес әзірленген; Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 2018 жылғы 31 қазандағы № 604; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережелері (2018 жылғы 12 қазандағы № 563 толықтыруларымен); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары; «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» ШЖҚ РМК Жарғы;  01.08.2018ж. ғылыми кеңестің шешімімен бекітілген бекітілген YU академиялық саясаты; «Электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу» кәсіби стандарты, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасарының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 86 бұйрығына № 3к қосымша.

6В07105- Өндірістік жылуэнергетикасы білім беру бағдарламасының мақсаты мемлекеттік, жергілікті, аймақтық, шетелдік мекемелер үшін жылу энергетикасы бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен колледждер үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.

6В07105 – Өндірістік жылэнергетикасы білім беру бағдарламасы Жылуэнергетика саласындағы жоғары білікті маман – бакалаврды дайындауға, үйлесімді қалыптасқан тұлға ретінде және көшбасшы болуға, командада жұмыс істеуге, бәсекелестік орта жағдайында әрекет етуге және жеңуге бағытталған. Біздің студенттер ЖШС «МАЭК-Казатомпром» мекемесінде өз тәжірибелерін арттырады.

ЖШС «МАЭК- Казатомпром» Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласының өнеркәсіптік тұтынушыларын жылу энергиясымен, ауыз сумен, электр энергиясымен, техникалық және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін аймақтағы жалғыз көпбейінді кәсіпорын болып табылады.

Түлек модулі

Бағдарламаның міндеті «жылумен жабдықтау» және «сумен жабдықтау»екі траектория бойынша жылу энергетикасы саласындағы бітірушілердің жаңа буындарын дайындау болып табылады.

Түлектерге 6В07105- «Өндірістік жылуэнергетика» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технологиялар бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Білім бағдарламаның сферасы: инженер-жылуэнергетик

Түлектердің кәсіби қызмет саласы: Кәсіби қызмет саласы жылу өндіру бойынша техникалық құралдарды зерттеу, жобалау, құрастыру және пайдалану, оны қолдану, оның ағындарын басқару; энергияның басқа түрлерін жылуға түрлендіру болып табылады.

Кәсіби қызмет нысаны: Кәсіби қызметінің объектілері: жылу және атом электр станциялары, өнеркәсіптік және коммуналдық кәсіпорындардың энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, шағын энергетика объектілері, Жоғары температуралы және төмен температуралы жылутехнологиялар қондырғылары, жүйелері мен кешендері, әртүрлі мақсаттағы бу және су жылыту қазандары, атом электр станцияларының реакторлары мен бу генераторлары, бу және газ турбиналары, газ-су-сорғы қозғалтқыштары (ішкі және сыртқы жану қозғалтқыштары), энергоблоктар, бу-газ және газ-турбиналы қондырғылар, сығылған және сұйылтылған газдарды өндіру жөніндегі қондырғылар, компрессорлық, тоңазытқыш қондырғылар, ауаны баптау жүйелерінің қондырғылары, жылу сорғылары.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *