Әкем, анам және мен

Тәрбиеші: Бейсенова Айгуль Мухтаровна

Мақсаты: Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Балалардың денсаулығын нығайту, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу, дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту. Ата-ананың балабақшамен тығыз байланысуын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып ынтымаққа жүргізілген жұмыстарының нәтижелі болатынына көз жеткізу.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар және бала бақша ұжымы бүгін денсаулық күніне орай ата –аналармен балалар арасында өткізіліп отырған  «Әкем, анам және мен!» атты спорттық сайысымызға қош келдіңізер.

Қазақстан Республикасының президенті- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан  мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың ата-аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.

Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш.

Бүгінгі біздің сайысымызға «Тұлпар» және «Балбала» тобынан 6 отбасы қатысады. 6 отбасы  2 топты құрайды. Әр топ  жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Біз әр  отбасына сәт сапар тілейміз!

Әуен ойналып, сайысқа өқатысушылар ортаға шығады

Жүргізуші: Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,

Отбасыларымызды шақырамыз.

Ата-аналар мен балалардың қатысуымен ҚР гимні орындалады.

  1. «Күншуақ»«Тұлпар»тобы
    2. «Сұңқар» «Балбала»тобы

Жүргізуші: Ал құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер.

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Б\б меңгершісі:Молдажанова.Т.Ж.

Б\б әдіскері: Сарыбаева.Т.Т.

Б\б медбикесі: Раушан апай

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.Сайыс бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады.

І.«Менің отбасым»Таныстыру.

(Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру)

ІІ. «Кім шапшаң?»(Әкелері допты екі аяққа қысып кедергілер арасынан өту, аналары секіртпемен кедергілер арасынан өту, балалары доппен секріп кедергілерден өту.).

ІІІ. «Епті де, жүйрік» (Екі команда себеттегі шарды үрлеп аққалажасайды)

ІV. «Арқан тартыс»(ата-аналар арқан тартысады)

  1. «Кім мықты?»(Әкелері қолды бүгіп-жазу, аналары шығыршық айналдыру, балалары отырып тұру)

VII. «Кенгуру»(отбасы бірге қаппен секіру)

VIII. «Үй тапсырмасы»(Қыс мезгілінің суретін салады)

Әр сайыс арасында әділ-қазылар бағасын беріп отырады.

Жүргізуші:Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау,

Жеңімпаз болу шарты сол.

Еңбектену, жалықпау,

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжимей,

Тарасса бізге жарады.

Әділ қазылар әділ шешім шығарғанша сіздерді көңілді ойынға шақырамын.

Қимылдық ойын: «Өз түсіңді тап?» (түрлі-түсті жалаушамен қолданылады)

Қорытынды бөлім.

Әуен ойналып, марапаттау рәсімі жүргізіледі.

І орынды «Сұңқар » командасы иеленді,

ІІ орынмен  «Күншуақ» командасы марапатталды.

Құрметті балалар, ата аналар,бала бақша ұжымы бүгінгі сайысымыз өзмәресіне жетті, алтын уақыттарыныздыбөліп келгендеріңізге  рахмет.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *