Көркем әдебиет,сурет

Кузембаева Бибигул Абдуллаевна

Білім  беру  саласы: «Коммуникация», «шығармашылық».

Ұйымдастырған  оқу  қызметі: Көркем әдебиет,сурет

Әдіс —  тәсіл: сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету,ойын.

Көрнекілік: Ертегі  барысындағы  суреттер, үлестірмелі   тапсырмалар.

Мақсаты:  Шұбар  тауық  ертегісін  түсіндіре  отырып  мағұлмат  беру арқылы,  сөйлеуге, сөйлем  құрап  айтуға,  суреттер  бойынша  әңгімелеп  ертегілі   айтуға   тәрбиелеу.  тауыққа  жасалатын   қамқорлықты  түсініп жем шашу  қимылын  суреттен  қағаз   бетіне  суреттеп  салуға  баулу.

Ұйымдастыру   барысы:

Келген  қонақтармен  сәлемдесу:

Үлкенге де  сіз

Кішіге  де сіз

Баршаңызға  құрметпен

Бас  иеміз  біз.

Сәлеметсізбе  апайлар!

Ғажайып  сәт:   Сандықшадан  тауықтың  жұмыртқасын   шығарып. «Бұл  не?»- деген  сұрақ  арқылы  сұрақ  —  жауап  әдісін  ұйымдастыру. Бұл не? – Тауықты  білесіңдер ма? Үйде пайдаланамыз ба? Көлемі  қандай?Түсі қандай?                      Негізгі  бөлім: Ертегіні  сурет арқылы көрсетіп  түсіндіре  айту. (ертегі   толықтай  қосымша  тіркелген) Ата  мен  әженің  тауыққа  жасайтын  қамқорлығын  ерекше   айта  отырып, өздері  де  үй  тауыққа  шем шашып күтім жасай алатын  балаларға  ақ  қағаз  бетіне жемді  саусақпен  шашып  көрсетіп,  тауықты  қалай  шақыратынымызды   әңгімелеп  түсіндіру. саусақ  қимылын  жасату  ойын  арқылы  қайталату. (саусақты   қимылдатып, шип- шип, шип – шип   тауықты  шақыру).Енді  осы  тауыққа  жем  шашамыз қимылын  суреттеуді   балаларға  көрсету  арқылы   түсіндіру. Ақ  қағазға  нүктелерді  пламастер  арқылы  салып жемді ббб    суреттеу.      Қызығушылығын  арттыру: Балаларға  үлестірмелі   тапсырма  беру.  Сурет  салуын  өтіну. Ақ қағаз   қалаулары   бойынша   түстерді  тарату. Әр  баланың  өз  білгенше   жұмыстану   барысын  қадағалау. Ұқыптылығын  тазалығын,  шеберлігін  анықтау. Д/О: Тез тап:  Шұбар  тауық  ертегісіндегі  кеіпкерлердің  суреттерін   сандықшадан  алып  атауын  атап  айтып  беру.                                                Қорытынды:  Балалар  жұмысын  балаларға  көрсете   отырып  талдау. Әр  балаға  мадақтау  сөздер  айып,  алтын  жұмыртқа  суретін  тарату.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *