Жаңа өмір -жаңа орта

«Жаңа қадам-жаңа орта»

Бұл өмір күтпеген жерден тосын сыйға толы.Бақта жүріп, қалың орманға кезігуін мүмкін немесе керісінше. Бәрі де адамның қалауымен емес, Алланың қалауымен болатыны сөзсіз. Оған дәлел оз басымнан өткен жағдайды баяндайын.Сөз алмасып сөйлесіп жүрген жігітім бір күні ата-анасымен таныстыратынын айтты.Басында бұған әрине,келіспедім, артынша қалай онымен лесіп кетіп қалғанымды байқамаппын да.Мүмкін көзсіз ғашық болу деген осы шығар.Сөйтіп, жігіттің ауылына барып, ата-анасымен, әжесімен таныстым.Әлгінше болған жоқ, мені алып қалатындарын айтты.Мен бас шайқадым, жер тепкіледім.Бірақта үлкен кісі басу айтты.Осы уақыттың арасында ағайын-туыс, көрші-көлем құттықтау айтып,келіп жатты.Бас тартқым келді бәрінен, бірақ сенесіз бе бойымдағы бір күш тап сол жерге байлап қойғандай болды.Бір жағынан жастығымды қимадым, армандарым не болады енді деген сан-сауалдар ойымды торуылдады.Онымен бұйырғаны ақ орамалдың жамылғаны.Жаңа өмір.Бұрынғыдай еркелікке малшынып асыр салу жоқ.Әркімнің қас-қабағына қарайсың. Біреу келіп тілімен түйреп кетед(і), біреу келіп бүйрегімен шаншып кетеді. Жүрекке алуға болмайды,сондықтан елемеген кейіпте жүре бересің. «Сөз-жұқпайды» деген сөзді халық арасынан жиі естігенім бар еді.Сол сөзді жаныма медеу тұттым.Осы сөзбен өз-өзімді жұбатамын.Ұнатпай тұрсамда бір нәрсені ұнатқандай боламын, жақтырмай тұрсам да, күліп қарап тұрамын. Қонақ келсе бәріне бірдей қызмет етуге тырысамын. Маған ең қиынға соққаны таңмен таласып ерте тұру еді. Бүгінгі күнде әдетінше оған да үйрендім. Сабаққа да, үй тірлігіне де бәріне үлгеруге тырысып бағамын.Адамға не жетпейді? Адамға уақыт жетпейді. Тек еріншектікке салынбай үнемі уақытты тиімді пайдалану керек.Артқа емес,тек алға қарай қадам басқан жөн.Өмір бір орында тұрмайды.Кейде құтырған құйындай бір соғып кетеді ,кейде ып -ыстық леп желпіп өткендей болады.Менің ұққаным, адамзат баласы ең біріншіден сабырлы ,шыдамды ,кешірімшіл болса ғана төте жолдан өтуге болады екен.Ашу қашанда сенің қашанда қас жауың.Сондықтан ашушандыққа бой бермеу əлдеқайда жақсырақ.Құдайға шүкір, ата-енемнің түсінігі мол, бар сый -құрметке лайық жандар.Ол кісілердің маған деген ілтипаты бəрінен артығырақ.»Сыйға -сый, сыраға бал» — демекші, мен калай сыйлаймын , ата -енемде тура солай құрметпен қарайды.Өмір — сынақ.Əр пенде əрқилы сынға ұшырайды.Күш -қайрат сол кезде пайда болады.Ол сыннан сүрінбеген адам нағыз кешегі текті ата -бабалардың ұрпағы, жалғасы екенін білдіреді. Неде болса, мықтылықпен қайрау керек ғой жүректі. «Мен мықтымын» күніне қайталайтын,өзімді жігерлендіретін рухани күш.Сізде қайталап көріңіз? Мүмкін, пайдасы тиіп қалад(ы).Өз еншіңізде…

Қайыр Сағыныш

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *