Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Мен жақсы баламын

№5,9,10 МАД  топтарында  өзін-өзі тану пәнінен ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық» , «Әлеуметтік»

Ұйымдастырылған оқуіс –әрекет: «Өзін-өзі тану»

Тақырыбы: ІІІ-тарау. Адамгершілік әліппесі. 21 -сабақ. «Мен жақсы баламын»

Мақсаты:  «жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі  мәнін ашу.

Дамытушылық: Бойларындағы жақсы қасиетті   дамыту.

Тәрбиелік: Жақсы ,әдепті,ақылды болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі :  дәптер , хрестоматия , түрлі түсті карандаштар, «өзін-өзі тану әлемінің картасы»

Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, түсіндіру , сұрақ –жауап

Сөздік жұмыс: Қайырымды , мейірімді , сыпайы.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті             

 

Мотивациялық қозғаушы Шаттық  шеңбері.

-Армысыңдар ма, достарым!

-Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірлеріңе қолдарыңды созып , шын жүректен мынадай сөздермен сәлемдесейік.

 

-Сәлеметсің бе?

-Мен сенің досыңмын

-Сәлеметсің бе ?

-Мен сенімен достасқым келеді .

 

Іздену-ұйымдастырушы Әңгімелесу.

-Балалар өзін-өзі тану әлемінде нені үйренуге болады?

-Жақсы бала деп кімді айтуға боады?

Әңгімелеу

Жақсылық пен жамандық

-Қалай ойлайсыңдар. Жақсылықтың бойында қандай қасиеттер басым?

-Достарың сендерді алдап кетсе не істер едіңдер?

-Ал сендер өздеріңді қандай деп ойлайсыңдар?

Дәйек сөз.

«Жақсы бала жағадағы құндыз, аспандағы жұлдыз»

«Ойын. «Жақсы бала қандай? »

Балалар  шеңберге тұрып жақсы бала …. қандай екенін айтып ,бір-бірінің алақандарын ұрады

Өзіммен-өзім.

-Балалар  денелеріңді түзу ұстап , бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып , еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа , махаббат пен тыныштыққа толы таза , шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Өзін-өзі тану әлеміне саяхат барысында игі істер істеп жүргендеріңді елестетіңдер.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген мазмұнды суреттер арқылы әңгіме құрастыру

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жақсы бала……

-ұқыпты

-сыпайы

-мейірімді

-өз отбасын жақсы көреді

-достарын сыйлайды

-табиғатты қорғайды

-Отанын сүйеді

 

 

 

 

 

 

 

— Балалар тапсырманы орындайды.

 

 

 

Рефлексті коррекциялаушы Қорытындылау.

-Балалар бүгінгі сабағымыз сәтті өтті. Өйткені біз өзіміздің сүйікті  достарымыз ,отбасымыз,балабақша,отан,отбасымыз туралы әңгімелестік..Сыйластық,сүйіспеншілік,достық,татулық,қамқорлық,құрмет деген ұғымдармен таныстық.Біз саяхатымызда әлі де көптеген жақсы істер жасауға,тәрбиелі ,ақылды,жақсы бала болуға үйренеміз.

 Жүректен жүрекке

Біздер жақсы баламыз

Айтқан тілді аламыз

Үлкендерді сыйлаймыз

Ойыншықтарды жинаймыз

Киімімізді шашпаймыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасалады

 

Білуі керек:  Жақсылық пен жамандық деген ұғымын  ажыратып білуі керек.

Баланың қолынан келуі: Игі істер  туралы әңгімелеп  айтып білуі керек.

 

Тексерілді:                                       Балабақша әдіскері:  Аймаганбетова С.К

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *