Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

40 мыңнан астам ауыл баласы жаңа жағдайда білім алады

Bilimger Media
1 мин оқу 36 оқылым

Елімізде «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы іске асып келеді. Жоба ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға және педагогтердің кәсіби дамуына тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған,- деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.

Биыл жобаға 40 мыңнан астам оқушы білім алатын 56 ауыл мектебі қосылды. Әрқайсысы заманауи лабораториялармен, робототехника, STEM-лаборатория, физика, химия кабинеттерімен толықтай жабдықталуда. Акт залы мен спорт залындағы жиһаз бен спорт құралдары, асхана мен мұғалімдер бөлмесі жаңартылуда. Жалпы жоба аясында 1848 кабинет жаңартылады.

Мектептегі ұстаздар мен директорлар біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Атап айтсақ, бұл курстар пәндік және объективті бағалау, цифрлық сауаттылық пен тәрбие жұмыстары бағыттарын қамтиды.

Бұдан бөлек, мектептер 3 жыл көлемінде методикалық қолдауға ие болады. Осы уақытта ауыл мектебі аймақтағы зияткерлік мектептермен тұрақты байланыс орнатып, оқыту процестерін жетілдіре алады.

Айта кетсек, тірек мектептерді дамыту жобасы 2022 жылы Оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірлесіп іске асып келеді. Қазіргі таңда елімізде 135 мектеп тірек мектептер желісіне қосылған.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 440 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым