Грамматика еліндегі ғажайыптар
Абилова
Мақсаты: Білімділік:Балалардың ертегі бойынша білімін қалыптастыру.Ертегі желісі арқылы тапсырмаларға үйрету .Өз ойын дұрыс жеткізуге жаттықтыру;үйренуге,білуге деген қызығушылықтарын ояту;
Дамытушылық:Балаларға әр түрлі тапсырмаларды орындата отырып, дидактикалық ойындар арпқылы ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік:ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер:Әдемі қорапша,сөйлем белгісі сызылған плакат,тордағы құстар мен орман суреттері,жабайы құстар слайды,маса,ара, жылан,ит,аю,қозы,бұзау,сиыр суреттерінен жасалған слайд,дыбыстардың аудиожазбасы.
Әдіс-тәсілдері:Ойын, сұрақ-жауап ,көрнекілік,сурет бойынша әңгімелеу.
(Балалар әуен ырғағымен залға кіреді)
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр
Кәне амандасайық.
Балалар:салеметсіздерме.
Тәрбиеші:Балалар көңіл-күйімізді күндегідей шаттық шеңберімен бастайық.
Шаттық шеңбері:Қол ұстасып тұрайық Үлкен шеңбер құрайық
Жаңа шыққан бұл күнге
Иіліп сәлем қылайық
Арайлап шыққан жаңа күн
Шуағын шашып баршаға
Кәне досым күлімде
Шаттық орнасын жүзіңде.
(Кәне балалар бәріміз орнымызға орнығайық
Тосын сәт:(әуен ырғағымен залға аю келеді жан-жағына қарап таңарқап)
Аю: –Мен қайда келдім, а-а-а?
Балалар: –Салеметсіңбе аю,сен біздің балабақшаға келдің.(хормен)
Аю: – Сәлеметсіңдерме балалар мен сендердің балабақшаларыңа адасып келіппінғой Маша мені атасы мен әжесіне бәліш пісіріп соны апарып беруін өтініп еді ал мен болсам жолдан адасып осында келдім.
Тәрбиеші:-Аю сен шаршаған шығарсың кел дем ал.Біздің балалар мектепке баруға дайындалып әріптерді танып,жазуға уйреніп жатыр.
Алина:-Аю сен әріптерді танып,оқу білесіңбе?
Кел, бізбен бірге сенде мектепке дайындал.
Аю:-жоқ мен оқу білмеймін.
Тәрбиеші-:кел,аю біздің балалармен бірге сенде әріптерді танып,жазуды үйрен.Балалар саған көмектеседі.
Ал балалар аюға әріптерді танып, жазуға үйретемізбе?
Балалар:-Үйретеміз,кел аю бізбен бірге бол.
Алина:-Аю сен оқуды,жазуды үйренсең,біз саған машаның атасы мен әжесіне баруға жол көрсетеміз.
Аю:-Жарайды балалар ендеше менде сендермен бірге әріптерді танып,жазуды үйренейін.
(Аю балалардың қасына барып отырады)
1-тапсырма
Тәрбиеші:-Балалар аюға бәлішті пісіріп атасы мен әжесіне апарып бер деп жіберген кім екен?
Балалар:-Маша
(Слайдтан машаның суреті көрсетіледі)
Тәрбиеші:-Қандай дыбыстан басталып тұр?
Маша сөзінде қанша дыбыс,қанша әріп бар?Маша,Ата сөздерін талдау(суретінің астына сөзді текшемен талдайды.Бір-екі бала тақтада қалғаны орнында орындайды)
Буынға бөлу:Ма-ша,А-та.
(слайд арқылы схемамен оқыту
«Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырат?
Шарты:Әріптердің таңбаларын көрсету,балалар текшемен дауысты,дауыссыз екенін көрсетеді.А-қызыл текше,б-көк текше.т.б.
Дидактикалық ойын«Машаның достары кімдер атаңдар?»
Шарты:Суретті сөзжұмбақ арқылы Машаның достарының аттарын табу.
Тіл ұстарту:Ра-ра-ра-ұшып келді ара,ар-ар-ар-дала толы қар,та-та-та-ата берші бата.
2-тапсырма:«Құстарды құтқару»
Тәрбиеші:Аю сен орманнан ұзап кеткенде біреулер ормандағы құстарды ұстап торға қамап қойыпты.Кәнеқ құстарға көмектесейік.
Шарты:Тақтаға торда тұрған құстар(тотықұс,бұлбұл,
Торғай,көкек)суреттерін іледі.Әр суреттің төменгі жағында сөйлемнің сызбасы бар.Құстарды құтқару үшін олар туралы сызбаға сәйкес сөйлем құрау керек.Сөйлем құраған құсты тордан алып,орманға орналастыру керек.
3-тапсырма
Балалар мана мен балабақшаға кіре бергенімде есіктің алдынан мына қорапшаны тауып алдым.Ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
-Бір балаға қорапшаның сыртынан тыңдатады.
-Аудиожазбадан масаның ызылдағаны естіледі.
Тәрбиеші:-Ненің дауысы деп ойлайсың?
Бала:бақа
(қораптан ойыншығын көрсету)
Жылан-с-с-с, шыбын, шегіртке.
Дыбысты тыңдатып ненің дауысы екенін ажыратып айтқызу,
Және қораптан ойыншығын көрсету.
Тәрбиеші:-Сендердің естігендеріңнің бәрі не екен?
Балалар:-Дыбыстар,дыбыстарды естиміз,айтамыз.
Дыбыстар әр түрлі болады,кейбіреулері жуан,жіңішке болып айтылады.
Тәрбиеші:-Балалар бәріміз экранға қарайықшы( слайдпен аю,қозы,сиыр,бұзау,ит,мысық суреттер көрсету ретімен
Жануарлардың суретін тамашалап,дауыстарын салады.
Аю:а-а-а-а,қозы-мә-мә-мә,бұзау-м-ө-ө-ө.
Тәрбиеші:-міне, көрдіңдер ме,дыбыстардың кейбіреуі жуан,кейбіреуі жіңішке естіледі екен.
Сергіту сәті«Дауысты дыбыстар» (әнімен айту,слайдтан көрсету.
4-тапсырма
(слайдтан мнемокестесі бойынша ертегілерден түсінік айтқызу.
Қимылды ойын:«Адасқан әріптер»
Шарты:Үстеріне әріптерді киіп сөздер құрастырады.
Мысалы:Бала,,Ата.
Аю-:Балалар сендерге рахмет,мен сендерден әріптерді танып жазуды үйрендім менде,сендер сияқты мектепке баруға дайындаламын.Маған енді Машаның Атасы мен Әжесінің үйіне жол көрсетіп жіберіңдерші .
Тәрбиеші:-Аю әне тұрған үйді көрдіңбе?
Аю:-Я,көріп тұрмын.
Тәрбиеші:-Сол Машаның Атасы мен Әжесінің үйі оған баруға мына іздер көмектеседі
Осы іздің үстін басып дыбыстарды атасаң Машаның Атасы мен Әжесінің үйіне жетесің .
(Аю балалармен қоштасып іздің үстімен жүріп,дыбыстарды атап шығып кетеді.
Тәрбиеші:-Балалар Аюға біз нелерді үйреттік?Машаның Атасы мен әжесінің үйін таптыма?
Тәрбиеші:-Балалар бүгін бәріңде өте жақсы қатыстыңдар,рахмет.
Менің сендерге дайындаған тәттілерім бар(балаларға тарату)
Қонақтармен қоштасып шығып кетеді.