Балаларды еңбекке баулу

Асанхан Салтанат

Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдеп-дағдыларын жас ұрпақтың бойына сіңіру, өнер арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажеттілігінен туындап отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйе білуге, отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің бірден-бір құралы – еңбек.

Еңбек тәрбиесінің мазмұнына балаларды интернационалдық рухта тәрбиелеу де жатады. Бастауыш мектепте көптеген ұлттың балалары бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі балалардың бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы. Еңбек баланы тәрбиелеу құралы, еңбекке қажеттілігін қанағаттандырып, өзінің мүмкіндігін таниды, ересекпен араласа бастайды.

Мектепалды балаларының еңбегінің ерекшеліктерінің бірі –ойынмен байланысты. Еңбек тапсырмасын орындай отырып, оны ойынға айналдыру жиі байқалады. 5-7 жастағы балалардың бұл ерекшелігін еңбекке баулу кезінде ескеріп, еңбекпен байланысты ойын ситуациясын ұйымдастыруды ұмытпаған жөн. Балалардың еңбек процессі  кезінде еңбек дағдылары мен біліктілікті меңгеруі нәтижесінде ересекке тәуелсіз болып, өздігінен еңбектенуге бастайды. Осы жастағы балалардың еңбектегі дағдылары мен біліктілігі бастауыш мектептегі ақыл-ой еңбегіне алғышарттар бола алады. Мысалы: өздігінен сабаққа дайындалуы, киім-кешектерін орнына жинауы, өзі киініп, шешінуі, оқу құралдарын сабаққа даярлауы ересектің көп бақылауын, қадағалауын қажет етпейді.

Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:

  1. Еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;
  2. Балалардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік негізі болуы керек;
  3. Еңбек тапсырмасын орындағаннан кейін оның болым нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы күшті болады;
  4. Еңбек балалардың психикалық және физиологиялықерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы қажет. Еңбегінің негізгі түрі ойын болып табылатын бастауыш сынып жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар;
  5. Еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.

Еңбекке баулу және бейнелеу сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың еңбекке сүйіспеншілігін, еңбек ету дағдыларын және еңбекке құрметпен қарау сезімдерін тәрбиелеуге басты назар аудару керек.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *