Мамандық таңдау — өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Мукуышева Шынар Сейдуалиевна

           Қайырлы күн! Құрметті қонақтар, ата-аналар  және түлектер!                                                       Мамандық  алғың  келе  ме?

Мамандық өзі немене?

Айналаң толған мамандық/

Айналаң толған өнеге  дей  отырып,

әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Яғни, санымыз артуда, ал сапа төмендеуде. Себебі неде? Адамның рухани жан дүниеснің аш болуы себеп. Статистердің зерттеулері бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 25%-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан, мамандықты таңдауда әр маман қателеспепті деуге бола ма? Бұл әрине де адам іс –әрекетінің дұрыс болмағандығы, әрі өз ісін сүймегендігі сияқты рухани адамгершілік құндылықтарымызға келіп тіреледі. Яғни өзінің болашақтағы кәсіби  қызметіне жан-жақты дайындалу керекпе, ол үшін не қажет  деген сұрақтар туындайды. Бүгін біз сіздермен «Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебінде  «Мамандық – өмір бастауы» атты рухани құндылықтар арқылы  кәсіби бағдар беруге, мамандық таңдау мәселесіне бағытталған сұхбат кешімізде жүздесіп отырмыз. Ендеше жүздесу сәтімізге қош келдіңіздер! Өмірде өз мақсатымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік деп қазақтың көрнекті жазушысы  Жүсіпбек Аймауытов ағамыз айтқандай, мектеп қабырғасынан қанат қағатын шәкіртті өзінің өмірдегі орны, кәсібі ойландыратыны сөзсіз. Сондықтанда бүгінгі сұхбаттасуымыздың басты мақсаты сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет  рухани құндылықтары аясында болашақ талапкерлерімізге кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, мамандық таңдаудағы жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар беру болып табылады. Неліктен рухани адамгершілік құндылықтар деген сұрақтар туындайды? Себебі, лицейіміз өзін-өзі тану пәні арқылы «Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын оқу процесіне енгізу» бойынша пилоттық жобамен жұмыс жасап жатқанына  екі жылдан асып бара жатқанын айта кету керек. Яғни, өмірдегі басты құндылық материалдық қамтамасыз етілу емес, адамның рухани жан дүниесінің бай болуы маңыздылығын шәкіртеріміздің санасына сіңіру, оны өмірде қолдану қазіргі кездегі оқу-тәрбие үрдісіміздегі басты мақсаттарымыздың бірі болып отыр.

Сіздерге жас ұрпақтың өмірден өз жолдарын адаспай табуына, мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт беріп отырғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз!

 

Топ ережелерін түсіндіру: (1 минут)

Шағын дәріс. (5 минут)

“Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, сондықтан олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі бүгінгі жасөспірімдердің мамандық таңдаудағы  шешімдерінің маңыздылығын айқындайды. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Белгілі  жазушы, ғалым Ж. Аймауытов  «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.» дейді. Кейбір  жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Бұл жерде дұрыс әрекет рухани құндылығының ақсап жатқанын байқаймыз. Жалпы дұрыс әрекет дегеніміздің өзі не  — ол ————————————————————————                         Профессия – латын сөзінен шыққан, “professio”, -анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі десе, тағы бір деректерде  Мамандық дегеніміз- адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған  білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы делінеді.       Ал , мамандық таңдау дегеніміз, біріншіден, өз жеке басының ерекшеліктерін тануы, екіншіден, өзінің жүрегіне үңіліп, бейімділігін бағамдауы, үшіншіден, ұнататын кәсіптердің арасынан біреуін таңдауы, төртіншіден,  өзінің таңдаған кәсіби аумағын тануы болып табылады.

«Джунглидегі жаңбыр»
Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыты: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.
Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

Тақтада слайд көрсетіледі.

  1. Қызығушылық  қалай пайда  болады?
  • Қызығушылық — сол  мамандықты ұнату
  • — ата-ана мамандығына  еліктеу
  • — өмірге көзқарасының болуы
  • Бейімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Бейімділік  – ата-ана жолын қууы
  • — орындау икемділігі
  •             — мамандықты игеруге құштарлық
  • Қабілет  деген  не?
  •  Қабілет – туа біткен талант
  •               —  өзіндік ізденіс

— үйренуге талпыну

Е.А.Климов мамандықтарды негізгі  мынадай салаларға  бөліп жіктеген.   (тақтада слайд)

  • «Адам – техника» — техника саласына байланысты  мамандықтар;
  • «Адам адам»- қызмет көрсету саласына байланысты мамандықтар;
  • «Адам-қоршаған орта» өсімдіктану,  жануартану,  орман шаруашылығы, айналаны қоршаған орта  салаларына  байланысты  мамандықтар;
  • «Адам-белгілер жүйесі» есеп-қисап  салаларына  байланысты мамандықтар;
  • «Адам-көркем образ» өнер саласындағы мамандықтар;

 

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«үйренгім келеді – үйрене аламын – үйрену керек»​

Үйренгім келеді – бұл талап – тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;​

Үйрене аламын – қабілет-қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;​

Үйрену керек  — еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік – экономикалық проблемалардың даму тенденцияларының кеңістігі.​

Кәсіп – осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесінде оңтайлы таңдалады.​

 

​ Мамандық таңдаудағы қателіктер: (2 минут)

Оқушыларға сұрақ: Қалай ойлайсыздар, мамандық таңдауда қандай қателіктер кездеседі?

  • Бағыт-бағдар берушіге ауып кету;
  • Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау;
  • Мектептегі таңдау пәнінің мамандыққа сәйкес келмеуі;
  • Өз кемшіліктерін білмеу;

 

 Әлемдегі ең қауіпті мамандықтар. (2 минут)

Бастарын бәйгеге тігіп, сын сағатта біреуді құтқарам деп өз өмірін құрбан қылған адамдар аз емес.

  1. Орман балташысы. Бұл жұмыс биіктікпен байланысты, оған қоса  электронды ара және ағаш дайындайтын техникалармен жұмыс істеуге тура келеді. Статистикаға көз жүгіртер болсақ, 2008 жылы осы салада жұмыс істейтін 116 адам қаза тапқан.
  2. Шахтер.  Жыл сайын жұмыс  кезінде  орта  есеппен  алғанда 50-60 шахтер қаза болады. Мұндай жағдайлар көбіне көмір шығару кезінде болатын жердің опырылуынан және де газбен метанға уланудың әсерінен болып жатады.
  3. Өрт сөндіруші. Өрт сөндірушілердің қажырлы дайындықтан өтіп, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдарын үйренгендеріне қарамастан, түрлі жарақаттар алу мен апатқа ұшырау мүмкіндіктері өте жоғары.
  4. Көп қабатты ғимараттардың терезелерін жуушы. Бұл өте қауіпті іс және терезе жуушылар міндетті түрде арнайы дайындықтан өтулері қажет.
  5. Биіктікте жұмыс істейтін электрмонтажшылар.  Өте сирек кездесетін мамандық. Біле білсеңіздер, мұндай жоғары вольтті линиялардағы жұмыстардың көбі жалаңаш қолмен атқарылады.
  6. Сапер. 1996-2002 жылдар аралығында минасыздандыру жұмыстары кезінде 500-ден аса адам қаза тапқан.
  7. Мұнай ұңғыларын бұрғылау. Аталған мамандық әркімнің қолынан келе бермейді. Себебі  тәулігіне 12 сағат жанғыштық қасиетімен ерекшелінетін материалдармен  жұмыс істеу өте қауіпті. Бұған қоса, бұрғылаушылар жағалаудан жүздеген километр қашықтықта, өркениеттен аулақ дерлік жерде жұмыс істейді.
  8. Жаға күзеті және құтқару қызметі. Су апаттарымен күресе жүріп, адамдарды аман сақтап алатын құтқарушылар күн сайын тәуекелге барады.

Барлық мамандарға сұрақтарды қою мүмкіндігі аз болғандықтан қай салаға қандай қызмет түрлері жатады соған назар  аударайық. (12 минут)

  1. Білім және гуманитарлық ғылымдар саласындағы қызмет түрлері. ( 1 минут)
  2. Құқық қорғау және сот органдары, заңгерлік саласындағы қызмет түрлері. (2 минут)
  3. Денсаулық сақтау және медицина саласындағы қызмет түрлері. (2 минут
  4. Өнер саласындағы қызмет түрлері. (2 минут)
  5. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлері. (1 минут)
  6. Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы қызмет түрлері. (2 минут)
  7. Ауыл шаруашылық саласындағы қызмет түрлері (1 минут)

 

«Психогеометриялық тест» қатысушылармен жұмыс

Оқушылар суреттерін салғанша қонақтарымыз, қатысушылармен психологиялық тест  жүргіземіз.

  • Ата-анамен өз мамандықтарын таңдау себептері туралы әңгіме  жүргізу.

Топтық ән: (3 минут)

Рефлексия: (5 минут)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *