Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

2022-2023 оқу жылының басталуы «Мектепке жол — Шекарасыз жақсылық» акциясымен бірге.

Улболсын Текебай
2 мин оқу 52 оқылым

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

      Акцияны ұйымдастырушылар өз қаласының барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы — 2022 жылдың 30 қыркүйегінде.

Акцияны ұйымдастырушылар:

1) ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті;

2) Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері;

3) Білім басқармалары;

4) Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер;

5) Орта білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы Департаменттер;

6) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың хатшылары, басқа да мүдделі тараптар кіреді.

Жалпы өткен оқу жылында мектебімізді 1300 оқушы аяқтаса: оның 2 жетім, 93 аз қамтылған, 231 көп балалы, 12 өгей әкемен, 2 өгей шешемен тұратын отбасының оқушылары. Осы оқушылар Алатау ауданы әкімдігі, Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізген шарада қолдау көріп отырды.

Жақсы істің жемісті болуы оның жүйелі жүзеге асырылуымен Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында №41 жалпы білім беретін мектеп биыл да көптеген қамқорлық шараларын көрсетсек деген мақсатпен акциясының бастауы жасалынды. КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАМЫН ДЕГЕН ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫ КҮТЕДІ. Мектебіміздің байланыс телефонына хабарласа аласыздар!

  Алматы қаласы, Алатау ауданы

 №41 жалпы білім беретін мектептің

әлеуметтік педагогы

Текебай Ұ.А.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Улболсын Текебай

Пікірлер 5

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Тулепова Жанат

    Сәлеметсіз мен көп балалы ана 4балам бар оның 3еуі мектепке барады мен мектепке формага катыса аламба балабақша да жумыс жасаймын и документ кайда өткіземіз жалдамалы патерде турамыз Шу каласыннан
  2. Акерке

    Салеметсизбе менин 5 балам бар жолдасым еки кулак мұрын операция жастайынан деп жатыр 3 балам окиди озим 1жастагы баламен уйдемин калай комек алсам болады АСП дегенди маган бермид ал мектептен комек алу ушин АСП алу керек екенбиз бул калай тусинемиз Астана каласынан болам.
  3. Индира

    Саламатсыз ба менің 6 балам бар 4 балам оқушы бірақ 2 балаға көмеке дакумент жинап алды мектепте қанша бала оқыса соған бермей ма
  4. Индира

    Өтініш сұрағыма жауап беріңізші
  5. Нуриза

    Саламатсыздарма мектепке жол акциясына құжжат тапсырып қойғанымызға 1 айдан асты әлі алмадым.Өзім көп балалымын.Шымкент қаласы.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 445 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым