2018 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық аймақтарында балаларды балабақшаларға қабылдау кезегі автоматтандырылады — ҚР БҒМ
ҚР Үкіметінің отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаға қабылдау кезегін автоматтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Асхат Аймағамбетов балабақшаларға кезекке тұруды электронды түрде жүргізуге көшу балалардың мектепке дейінгі мекемелерге бару жолындағы кедергілерден арылуға және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге жол ашатынын атап өтті.
«Пилоттық жоба 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізілді. Аталған пилоттық жоба өте жақсы нәтижелер көрсетті», — деді вице-министр.
Осы жылдың жазында республиканың 30 қаласында ОҚО тәжірибесін кеңінен қолдану көзделген.
2018 жылдың соңына дейін бұл жүйеге Интернеті бар барлық аймақтар мен елді мекендер қосылады.
ҚР БҒМ-де Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасында» айтылған, 20 мың қосымша грант бөлу міндетін орындау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі таңда ҚР БҒМ-де тиісті жұмыстар жүргізілді, ҚР Үкіметінің қаулы жобасы дайындалды, бүгінде ол қаралып жатыр», — деді вице-министр Асхат Аймағамбетов.
Қосымша гранттардың 11 мыңы техникалық бағыттағы мамандарды даярлауға, оның ішінде «Ақпараттық жүйелер» саласындағы мамандарды оқытуға бөлінеді. Сондай-ақ, жатақханалар салу мәселесі шешілетін болады.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау ерекше бақылауға алынған», — деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.
© http://edu.gov.kz
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/2018-zhyldyng-songyna-deiin-qazaqstannyng-barlyq-aimaqtarynda-balalardy
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.