Автор: Эрмухамедова Асема
Жасанды интеллект пен шығармашылық: бір-біріне қарсы ма, əлде серіктес
Тасқа қашалып салынған суреттерден бастау алған бұл шығармашылық жол,уақыт өте
ол ұшқын алауға айналды: поэзия мен сурет, музыка мен мүсін, кино мен
архитектура.Ал енді ,сол отты темір мен сымнан құралған санасыз құрылғы үрлей
бастағанда, адамзат өз-өзіне сұрақ қойды: шығармашылық пен жасанды интеллект –
қарсылас па, əлде серіктес пе?
Жасанды интеллект: санды құрал, əлде саналы автор ма?
Жасанды интеллект (ЖИ) – күрделі алгоритмдер мен деректерді өңдеу қабілетіне ие
жүйе. Ол енді тек есеп шығарып қана қоймайды, өлең жазады, сурет салады, музыка
шығарады, тіпті қысқаметражды фильмдер де түсіреді. Бұрын тек адамға тəн саналған
шығармашылық əрекеттерді ЖИ орындап жатқанда, “шығармашылық деген не өзі?”
деген терең сұрақ туады.
Ғылыми тұрғыдан алғанда, шығармашылық — жаңалық ашуға, тың идея ұсынуға
бағытталған саналы əрекет. ЖИ болса — тек бар деректерді сараптап, жаңа
комбинация құратын құрал. Ол өздігінен сезіне алмайды, армандай алмайды. Бірақ…
адамның шығармашылығына арқау болған шабыт пен құрылымды ол керемет
қайталай алады.
Сансыз код ішінде жасырынған сезім бар ма?
Міне, бұл сұрақ — адам мен ЖИ арасындағы шекараның қайда екенін аңғартады.
Шығармашылық — тек өнім емес, ішкі күйдің көрінісі. Абайдың мұңды өлеңдері,
Мұқағалидің сағынышы, Құрманғазының күйіндегі күйзеліс — олар тек дыбыс пен сөз
емес, жанның дауысы. ЖИ болса — сол дыбысты көшіреді, бірақ дауыстың қайдан
шыққанын сезбейді.
Дегенмен ,бұл ЖИ-ды түгелдей жоққа шығару емес. Ол – адамның шығармашылығын
дамытуға көмектесетін құрал. Ол жалықпайды, қателеспейді, көп нұсқа ұсынады. Яғни,
ол — қолымыздағы қуатты серіктес.
Жасанды интеллект — шығармашылықты тартып алатын құбыжық емес. Ол — адам
қолымен жасалған, адамның өзіне қызмет ететін құрал. Ол ешқашан Абайдай
толғанбайды, Моцарттай жүрегімен тыңдамайды, бірақ Абайдың сөзін жылдам табады,
Моцарт стилінде музыка жазып бере алады.
Яғни, болашақ — қарсы тұру емес, бірге жұмыс істеу болашағы. Екеуі бір-бірін
толықтырса — нағыз жаңалық туады. Бүгінгі таңда ең озық шығармашылық — адам
мен ЖИ-дың қоса еңбек еткен туындысы саналады.