Автор: Эрмухамедова Асема
Арал тағдыры – адамзат тағдыры
Арал теңізі – кезінде əлемдегі төртінші ірі көлдердің бірі болған табиғи мұра. Оның
тағдыры бүгінде тек Қазақстан үшін емес, бүкіл адамзат үшін экологиялық дабылға
айналды. Табиғаттың тылсым күші мен адамның есепсіз əрекетінің тоғысуынан
жойылып бара жатқан теңіз – ғылым мен сананың, пайда мен парасаттың
байланыстырады.
Аралға қауіп төнуінің басты себебі – антропогендік фактор, яғни адамның əрекеті.
Кеңес Одағы кезінде Арал теңізіне құятын негізгі екі өзен – Əмудария мен Сырдария
суармалы егіншілік үшін бағыт ауыстырды. Бұл өзендерден жүздеген каналдар
қазылып, мақта егістіктері мен басқа да ауылшаруашылық алқаптарына су жіберілді.
Нəтижесінде: 1960 жылдары теңізге құятын су көлемі жылына 60 км³ болса, 1980
жылдары бұл көрсеткіш кеңінен 10 км³-ге дейін қысқарды. 2000 жылдары теңізге су
мүлдем жетпейтін жағдайға келді. Бұл көрсеткіш біздің жауапкершілігіміздің төмендігінің
дəлелі.
Зардаптарына келіп тоқтасақ,Аралдың тартылуы тек географияны емес, биосфера
мен адам денсаулығына да əсер етті. Солардың бірі — тұзды дауылдар. Бұрын теңіз
түбінде жатқан тұздар мен химиялық қалдықтар жел арқылы мыңдаған шақырымға
таралды. Соның салдарынан, Арал маңындағы 20 млн гектар жерді жарамсыз етте
отыра,жер құнарлығын жоғалтты. Оған қоса,денсаулыққа қосқан зардабыда аз емес.
Мысалы алсақ,деректер бойынша Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тыныс алу,
жүрек-қан тамыр аурулары күрт өсті. Сондай-ақ, Онкологиялық аурулар мен анемия
көрсеткіші əсіресе Қызылорда облысында бірнеше есе артты.
Арал теңізін сақтап қалуға арналған саналуан жобалар ұсынылып,тəжірибе жүзінде
сынақтан өтті. Бірақ,ішінде өзгелерден бұрын ерекше өзгеріс енгізген — Көкарал бөгеті.
2005 жылы салынған бұл бекет Аралдың солтүстік бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік
берді. Қазір Кіші Аралдың қалыптасуына өз үлесін берді. Сөзімді дəлелдейтін
фактілердің бірі- стастикалық көрсеткіштер.1960 жыл Арал теңізінде 36 алуан балық
түрі болса,2000 жылы ол балық түрлерінің түбегейлі атауы қалмайды. Ал,бекіністің
арқасында, 2020-2024 жылдардағы деректерге сəйкес, балық түрлері қайта пайда бола
бастады. Соның арқасында,балық шаруашылығы қайта іске қосылды. Не дегенменде,
1960 жылы 60 мың тонна балық ауланса, 1980 жылдары бұл көрсеткіш нөлге тең екенін
көрсетіп,жағдайдың ауыр екенін айқындатқан болатын. Қуанышқа орай,əлі күнге дейін
дүниежүзілік ұсыныстарды сынау мүмкіндігіне ие болғандықтан, Арал теңізінін қайта
қалпына келтіруге деген үміт əлі бар.
Ал біздің қолымыздан Арал теңізіне қандай көмек ұсына аламыз? Бұл орынды
сұрақтың жауабы қиын емес. Алдымен, Жасанды орман отырғызу арқылы шаңды
дауылдарды тоқтату. Бұл əдіс Аралды қайтаруға мүмкіндік бермесе де, өзге
алқаптардың құнарлығын жоюдан сақтандырады. Не дегенмен,əр қауіптің алдын алу
артық емес. Екіншіден, Тамшылатып суару секілді жаңа технологияларды қолдану
арқылы суды үнемдеу. Сол кезде ғана,біз судың қадірін түсінуге мүмкіндік аламыз.
Себепсіз төгілген судың жазасы-теңіз атауымыздан айырылу болғаны жеткілікті.
Арал теңізі – табиғат пен адам арасындағы нəзік тепе-теңдіктің бұзылуынан
туындаған ең ірі экологиялық апаттардың бірі. Бұл жағдай бізге суды тиімді пайдалану,
экожүйеге араласуда сақ болу керектігін ескертеді. Аралдың бүгінгі көрінісі – өткеннің
сабағы əрі келешекке деген жауапкершілік жүгін артатын тарихи мұра. Бірақ табиғатты
сақтау – қайтарылмас іс емес. Кіші Аралдағы оң өзгерістер үміт отын қайта жақты. Егер
ғылыми негізделген жобалар мен халықаралық ынтымақтастық жалғасын тапса,
Аралды толық болмағанымен, ішінара қалпына келтіру əбден мүмкін. Бұл – табиғатпен
татулыққа бет бұрудың бастауы болмақ.