Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

16 –желтоқсан, Тәуелсіздік алған күн!

Анарбекова Гүлжазира Аралбековна
2 мин оқу 620 оқылым

Анарбекова Гүлжазира Аралбековна

Мақсаты: а) Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру.

ә) Балаларға еліміздің ұлттық нышандарының мән-мағынасын түсіндіру,
Отан туралы білімдерін арттыру, ҚР-сы туралы түсініктерін қалыптастыру.

б) Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыстар:. Тәуелсіздік

Билингвалды компонент: Отан- Родина, Тәуелсіздік- независимость.

Заттық дамыту ортасы:  Еліміздің  рәміздерінің, желтоқсан оқиғасының, желтоқсан құрбандарының суреттері.
Мотивациялық – қозғаушылық:
Жылулық шеңбері.

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.
Ұйымдастырушылық- ізденістік:

«Сұрақ –жауап»  ойыны.

-Біз қай ұлттың өкіліміз? (Біз қазақ ұлтының өкіліміз)

- Балалар, біздің республикамыз қалай аталады? (Біздің республикамыз

Қазақстан Республикасы деп аталады)
-Біздің  Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Біздің

Президентіміз Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
-Біздің бас қаламыз қай қала? (Біздің бас қаламыз Астана қаласы)

- Біз қай қалада тұрамыз? (БізТараз қаласында тұрамыз)
Мақал – мәтелдер:

«Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.»

«Отан –отбасынан басталады».
«Отан –отбасынан басталады» мақалының  мағынасын ашу.

«Отан –біздің отбасымыз, үйіміз, балабақшамыз, туған жеріміз, қаламыз, еліміз»
«Отан» сөзіне талдау жасау

- «Отан» сөзі қай дыбыстан басталады? (Одыбысынан басталады)

О- дауысты дыбыс

Т- дауыссыз дыбыс

А- дауысты дыбыс

Н- дауыссыз дыбыс
Сергіту сәті:
- Балалар, 1-желтоқсан қандай мереке күні болып тойланды? («1-желтоқсан -Тұңғыш Президент  күні» мерекесі күні болып тойланды).
-Ал, 16- желтоқсан қандай мереке? (16 –желтоқсан күні- Тәуелсіздік алған күн!)
-Балалар, тәуелсіздікті алу біздің қазақ халқына оңай болған жоқ.

Қазақ халқы- ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық .1991 жылы 16 желтоқсанда  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. Сондықтан 16 желтоқсан күні тәуелсіздік  мерекесі ретінде аталып өтіледі.Дүние жүзіндегі мемлекеттер Қазақстанды тәуелсіз республика деп таныды. Мемлекетіміздің дербестігін білдіретін Туымыз,  халықты бірлікке шақыратын  Әнұранымыз, Елтаңбамыз бар.

- Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан  аға-әпкелерімізді білесіңдер ме? (Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан өзіміздің   жерлестеріміз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев  ағаларымыз, әпкелеріміз Ләзат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова).

16 желтоқсан құрбандары туралы  слаид көрсету.

Тәуелсіздік жолында өздерін құрбан етіп, қаза тапқан ағаларымыз бен әпкелерімізге  арнап қаламызда, басқада қалаларда ескерткіштер қойылған.

16 желтоқсан күні еске алып, гүл шоғы қойылады.

-Балалар, бізде  ағаларымыз бен әпкелерімізді  еске  ала отырып,  гүл шоғын  жасайық.

Шығармашылық жұмыс:

Түрлі – түсті қағаздардан қиып, гүл шоғын жасау, ақ қағазға жапсыру.

1 минут үнсіздік жариялау.

Рефлексивтік –түзетушілік:

Қорытынды

-Балалар, биыл біздің тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл болады.  Бұл  үлкен мереке, ендеше бізде мерекеге үлесімізді қосып, халқымызды құттықтап тақпақтарымызды айтып,

«Тәуелсіз елдің ұланы» әнін орындайық.

- Балалар , көрдіңдер ме, Біздің елге, жерге деген құрметімізді, сендер келешекте мықты азамат боласыңдар.  Біз сендер  сенеміз.

Балаларды мадақтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Анарбекова Гүлжазира Аралбековна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым