Журналистика – өшпес мамандық

•Журналистика қазіргі таңда сұранысқа ие ме?
•Болашақ ұрпаққа осы мамандық қызық бола ма?

Журналистика – нағыз ақпарат көзі болып табылады.

Ақиқат пен жалғаның оттай өршіп тұрған ортасы.

Өмірдегі ең керекті,қызықты әрі маңызы бар саланың түрі. Адам баласының бойында ұқыптылық, шынайлық, жауапкершілікті ашатын мамандық. Мен айтып кеткен қасиеттердің маңыздылығы жұмыста үлкен рөл атқаратыны анық , яғни ақпаратты іздеу мен адамдармен сөйлесе білу қабілетін болу керек.
Журналистикада жұмыс істеген адам тіл байлығын, мәдиниетін , сыпайлығы мен ақылын дамытады. Менің ойымша, бұл да бір үлкен плюс,үлкен білім деп ойлаймын.Баланың мектепте тарихқа деген қызығушылығы болмаса, журналистикаға түскенде тарихқа қызығатын болады. Сонда журналистика бізде тек қана ақпарат жеткізу емес, оған қоса өз ана тілі мен тарихына деген сүйіспеншілікті оятады.

Қазіргі 21ғасырда IT,иформатика саласын дамытады , сол себепті болашақ түлектердің ойынша , журналистика болашақта керек болмайтын мамандық болып көрінеді.Алайда журналистика сол информатикамен сұранысқа ие болады , себебі қазіргі күндерімізде интернет желісінде жұмыс жасайтын салаларының бірі ол әрине ақпаратты журналистика болып табылады.

-Әлемдегі ақпарат пен жаңалықтар бітпегенше , оларды іздейтін , көретін адамадар бітпегенше, журналистика саласы өркендей береді.

(Дукенбай Я.Ж)

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *