«Тіл тірегіміз-соғып тұрған жүрегіміз!»

Сандыбаева Асель Ерболовна

Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. Ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Біздің тіліміз – ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз, өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу басты парызымыз. 22 қырқүйеқ күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қантарда елбасымыз Н. А. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы – Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жарияланды. Осыған орай біздің Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №7 бөбекжай-бақшасыда 21 қыркүйекте тілдер мерекесі аталып өтілді. Тілдер мерекесіне біздің балалар белсене қатысты ән айтты, би биледі, ойнады. Ата – бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол – ел, жер және тіл. Ана тілі – әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім – тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, салт – дәстүрімізді, ғылымды тіл арқылы үйренеді. Оның құдіреті, қасиеті туралы ақын толғаулары өте көп.

Халқым- теңіз толқыған, тілім терең
Мен мақтанам баршаға тілімменен
Ең асылың не?- десе құрметтейтін
Ойланбастан асылым тілім дер ем.

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір – қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек,

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *