Басқару психологиясы

Кәсіби әрі шебер білім беруде жоғары деңгейде аянбай еңбек етіп келе жатқан орта, қазақтың қара шаңырағы – әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 90 жыл бойы білім әлемінде желкен керіп келеді.
Қазақстандағы шоқтығы биік білім ордасы жылдан жылға өз өрісін кеңейтіп, ұлғайып, елімізге білімді әрі жаңа заман мамандарын даярлап, еліміздің еңселі болуына үлесін қосып жатқан ұзақ жылдар бойғы тарихы бар оқу орны Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша QS World University Rankings (QS World University Rankings EECA 2020) рейтингінде ҚазҰУ 16-орынды иеленді.

  Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғыртуда және білімділікке ұмтылдыруда Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұстаздарының жастарға ғылым, білім беру және тәрбиелеудегі орны ерекше. Бұл кафедра әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Осы кафедрада жүргізілетін «Басқару психологиясы» курсы – педагогика, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау пәндерімен тығыз байланысты іргелі пән болып табылады. «Басқару психологиясы» курсының мәні бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудағы жетекші рөлімен анықталады.
  Қазіргі қоғамның әлеуметтік — экономикалық, саяси, демократиялық өзгерістеріндегі адамның, адами капиталының рөлінің өсуімен адам туралы ғылымдардың маңыздылығы арта түсуде. Сол себепті, қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі әр тұлға үшін құнды басқару психологиясының негізгі мәселелерін зерттеу бүгінгі таңда ерекше мәнге ие.
  Басқарушылық құзыреттілік — бұл адамға көшбасшы міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік беретін дағдылар болып табылады. Адам өзінің қабілеттерінің арқасында еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыра алады, өз командасынан максималды өнімділікке қол жеткізе алады. Бұл міндеттерді көшбасшы өзіне қоя алады.
  Әрбір қызмет саласы өзіне тән дағдылар мен білімді қажет ететіні белгілі. Адам атқаратын қызметінің ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Өз алдына мақсат қоя біліп, жүктемені дұрыс бөліп, өз қызметкерлерін ынталандыруы тиіс. Осы мәселелерді шешуде қызметкер білікті болуы керек. Менеджер — кез — келген адамға көзқарас таба білетін, оның көзқарасын тыңдай білетін және проблеманың мәні мен наразылығын түсінетін жақсы дипломат. Өз міндеттерін түсінетін адамдар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланбайды және төтенше жағдай кезінде олар қиын жағдайдан шығу жолын өз бетінше ойластыра алады.
Басқарушылық құзыреттілік — бұл адамға кез — келген команданы басқаруға мүмкіндік беретін дағдылар. Жұмысқа қабылдау кезінде алынған нұсқаулар әрқашан менеджер қызметінің мәнін толық көрсете бермейді. Басқарушылық қызметке орналасатын адам өзіне қандай жауапкершілікті жүктеп жатқанын түсінуі керек.
  Жақсы көшбасшы тиімді шешімдер қабылдай алу, тапсырмаларды нақты тұжырымдау, табандылық секілді барлық қабілеттерге ие болуы керек.
Менеджер немесе басшы болуды жоспарлап отырған адамда талаптылық, ізгі ниет, суық қандылық, ақылды шешімдер қабылдай алу секілді қасиеттер болуы керек.
 Тәжірибелі басшы әр қызметкер өзінің жеке үлесінің жалпы іс үшін өте маңызды екенін білетін етіп міндеттер қоюы керек. Әрбір фирмада басқарушылық құзыреттіліктің қалыптасуы қызмет ерекшелігінің әсерінен жүреді. Біреуге жеткізу тізбегін түсіну үшін менеджер қажет, ал біреуге менеджер адамдармен жақсы тіл табысуы және қиын жағдайларда тез шешім қабылдауы қажет. Бірақ кез — келген компания үшін менеджердің мақсат қоюды және оған жетуді білуі маңызды. Адамның одан әрі жұмыс істеу схемасын жасаудағы құзыреттілігі өте қажет. Менеджер компанияның қайда бағыт алатынын, оның басты мақсаты не екенін және оған қалай жетуге болатындығын нақты түсінуі керек.

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Cтасюк  А.А.

Психология мамандығының 1 курс магистранты

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

 

Сәбитқызы Маржан

Мемлекеттік қызмет мамандығының 1 курс студенті.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *