«Кемеңгер журналист-қоғам айнасы»

Кемеңгер журналист-қоғам айнасы

Журналистика-қызығы мен қиындығы қатар жүретін,қоғамда айрықша орын алатын мамандық.Расында қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды зерттеп-зерделеу,ақиқат пен шындықты өршітетін қастерлі мамандық.

Бұл мамандықтың тарихы тереңде десек еш қателеспейміз.Сонау тамыры тереңде жатқан Мысыр,Римде папирусқа хабарландырулар жазылып,тақтайшалар ілінген.Осылайша біз журналистиканың шежіресінің басталғандығына көз жеткіземіз.

Журналист мамандығын таңдау әркімнің қолынан келе беретін іс емес.Себебі,бұл мамандық шешендікті,ақ пен қараны ажырата білуді,аса қайрат пен рухты талап ететіні сөзсіз.Менің журналистикаға бет бұруымның,бұл мамандыққа қызығушылығымның артуы ол анамның бала кезіндегі орындалмай қалған арманы.Шынында қанымда тапқырлық,сөзге шешендік қайсарлық болғандықтан,бұл менің өмірдегі даралығымды айқындайтын мамандық деп дөп түсіп айта аламын.Қоғамдағы мәселелерді,құбылыстарды өз ой елегімнен өткізіп,сөз тапқыштығым мен даналығымды қоса отырып шешімін таба білгім келеді.Заманның ағымына қарай өмір сүріп,кез келген проблемалардың шешімін таба білу міне бұл менің журналист болудағы басты мақсатым.

Менің ойымша журналистика бұл бағыты сан алуан тармаққа бөлінген мамандық.Сен тек журналистикамен айналыспай,сонымен қатар ілім-ғылымнан,мәдениеттен,тарихтан,саясат жаңалықтарынан хабардар болып,дүниетанымыңды кеңейтесің.Журналисттерден жақсы кәсіп мамандары шығуы да мүмкін.Себебі олардың табан тіремейтін,баспайтын белестері жоқ.

Сөзімді Шерхан Мұртаза атамыздың, Журналистің жегені — жантақ, арқалағаны — алтын» деген асыл сөзімен аяқтамақпын.Расында қалам мен қағазды серік еткен әрбір журналист алға озып шығып,озуға құқылы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *