КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ

КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ

ЕРКІНБЕК БАЙБАҚОВ — Ж.СҮЛЕЙМЕНОВ ЖББМ ДИРЕКТОРЫ

 

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты, «Ж.Сүлейменов атындағы №70 ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Смадиярова Мадина ұстазымыздың ұйымдастыруымен «ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» кітап оқу бәйгесі өткізілді. Кітап оқу бәйгесі балалар жазушысы, Алматы облыстық «Полиграфия» өндірістік бірлестігінде «газет» баспасының директоры, республикалық жекеменшік баспагерлердің алғашқыларының бірі, «Әл-Фараби» баспасының, «Құс жолы» баспасының директоры, «Ежелгі әдебиет», төменгі сынып оқушыларына арналған қосымша оқулық кітаптарының авторы Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлының «Тентектер» кітабын оқу тапсырылды. Бәйгенің негізгі мақсаты: «Бір ел, бір кітап» акциясы негізге ала отырып, оқушылардың кітап оқу, рухани дамуы, білімдерін тереңдету, ойлау қабілетін шыңдау, өрістерін дамыту, жазушылардың шығармаларын насихаттау. Мектебіміздің 50 оқушысы, оның ішінде 4 сынып пен 10 сыныптар аралығындағы оқушылар бір ай көлемінде кітапты оқып шықты. Оқушылар өздерінің зеректігін, кітапқа деген қызығушылықтарын көрсете білді. Бір айдан соң, «ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» кітап оқу бәйгесін қорытындыланып, оқушылардан шығарманың мазмұны сұралды. Онда оқушылардың білім деңгейлерін анықтау барысында тест алынып, «Бас жүлде», І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. Бәйге қорытындысы бойынша: «Бас жүлде» М.Әуезовтің «Абай жолы» романы 1,2,3,4 том жинағы, — 6 «Ә» сынып оқушысы Балтабай Ғалым иеленіп, табысталды. І – орын «Абай өлеңдер мен шығармаларының жинағы» 1,2 том жинағы — 6 «А»сынып оқушысы Молдатайыр Дианаға табысталды. ІІ орын «Абай өлеңдер мен шығармаларының жинағы» 1,2 том жинағы — 4 «Ә» сынып оқушысы Тағайхан Аңсағанға табысталды. ІІІ орын І.Есенберлиннің«Көшпенділер» романы 1,2,3 том жинағы, 9 «Ә» сынып оқушысы Балтабай Ұлжалғасқа табысталды. Бәйге барысында зеректігін көрсеткен 20 оқушы Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы драма театрына жолдама алып, театрдағы «Абай» спектаклін көріп тамашалап қайтты. Бәйгеге қатысқан барлық 50 оқушыларымыз бағалы кітаптармен, жүлделі, бағалы сыйлықтармен мараппатталды. «ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» кітап оқу бәйгесі өте жоғары дәрежеде өткізілді. Сонымен қатар мектеп кітапханасына 30 ден астам кітаптар сыйлыққа берілді. Осы бәйгеге демеушілік көрсеткен Сүлейменов Бейсенбай Жолдасбекұлына ерекше алғысымызды білдіреміз. Ағамыздың ісі көпке үлгі болары сөзсіз. Мектеп тарапынан, мектеп шәкірттері атынан мың алғыс айтамыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *