Нәзір Төреқұлов

Нәзір Төреқұлов

“Елім” деп өткен ерлерді ұрпаққа таныту журналистің тағы бір міндеті деп біліп, Нәзір Төреқұлов туралы зерттеуімізді өздеріңізге ұсынып отырмын.

Нәзір Төреқұлов 1892 жылы Түркістан өңіріндегі Қандоз ауылында дүниеге келген. Бірақ оның туған жеріне қатысты таласты әңгіме әлі күнге дейін бар. Біреулер оны Қоқанда туған десе, кей ғалымдар қазақ жерінде дүниеге келгенін айтады. Саналы ғұмыры Қоқанда өткен Нәзірдің ұлтын өзбектер “өзбек” деп те жүр. Ал Нәзірдің өзі замандасы Шәріп Байшораға: «Мен де өзбек емеспін, ұлтым шаһарының іргесінде дүниеге — қазақ. Түркістан келіп, өскенмін, яғни өзбекке сіңіскен қазақпын», Қоқанда — деп айтқан көрінеді. Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов те: «Нәзір — өзбек, тәжік тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы. Нәзір жөнінде алғашқы мақала ол ақталысымен өзбек тілінде “Шарқ” журналында жарияланды. Бірақ онда Нәзірді өзбек ұлтынан деп көрсетті: “Нәзір Төреқұлов өзбек — халқының ұлы перзенті” деген тақырыппен берілді. Мен Нәзір Төреғұлұлы туралы Ташкент архив деректерінен өзі жазған құжаттарда ұлтын қазақ деп көрсеткенін білуші едім.1917 жылы Н.Төреқұлов саясаттың қазанында қайнап, қайраткер дәрежесіне дейін көтеріледі. Ол алдымен солшыл эсерлермен бірге болады.1918 жылдың қазан айында РКП(б) мүшесі атанады. Қызыл армияды қатарына кіреді.1918-1919 жылдары ол Қоқанда уездік атқару комитетінің хатшысы, оқу-ағарту комиссары, білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етеді. 1920 жылдан бастап Ташкентте бірқатар мемлекеттік лауазымды қызметте болады. Атап айтсақ: «Иштрати Июн» газетінің редакторы, өлкелік мұсылман бюросының қызметкері болады.1920-1921 жылдары – Түркістан оқу-ағарту наркомы, 1921 жылдың қыркүйек және қараша айларында – Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы, БКП(б) Орта Азия бюросының мүшесі;1921 жылдың қараша айынан 1922 жылдың наурызында – Түркістан  Орталық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. Ол төраға ретінде демалыс күнін жексенбіден жұмаға ауыстырып, Құрбан айт күндерін демалыс деп жариялайды.1921 жылы “Қызыл байрақ” журналында “Ислам және коммунизм” атты мақала жариялап, онда исламның қоғамдағы атқарып отырған рөліне оң баға берді.1922 – 1928 жылы Мәскеуде КСРО Орталық Атқару Коммитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Бұл қызметке кіріскеннен кейін В.И.Лениннің қабылдауында болып, автономия алған халықтардың тілін мемлекттік тілге айналдыру мәселесін көтерді. Түркі тілдес халықтардың ортақ әліпбиін жасау жөніндегі комиссияға төрағалық етіп, араб әліпбиінен латын әліпбиіне көшуді жақтады. Орталық баспа басқармасының төрағасы ретінде қазақ тілінде “Темірқазық” атты журнал шығаруды ұйымдастырып, оған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ зиялыларын тартты. КСРО дипломатиясының негізін қалаушылардың бірі, 1928-1936 жылдардағы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі, қазақтың тұңғыш дипломаты Нәзір Төреқұлов Хиджазда бас консул болды.

1932 – 1936 жылы КСРО-ның Сауд Арабиясындағы өкілетті елшісі болып қызмет етті.

Сегіз тіл білді, Сегіз жыл елші болды. Сегіз тіл білген Нәзір корольдікте сегіз жыл елші болды. Нәзірдің елшілік қызметін арабтар да жоғары бағалады. Әсіресе оған Әбдел Әзиз әл-Сауд король, оның Хиджаздағы өкілі, ханзада Фейсал, басқа да араб жетекшілері жылы ықылас танытты. Нәзір корольмен және оның отбасы мүшелерімен шынайы достық қатынас орната білді. Соның арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың негізі қаланып, Сауд үкіметі мен Кеңес одағы арасындағы саяси және сауда байланысы нығая бастады.

Ерекше айтарлық бір жәйт, сол кездегі Кеңес одағының басшыларының Н.Төреқұловты Сауд Арабиясына елші етіп тағайындау арқылы қандасымыздың әлемдік тұлғаға айналуына жол ашқанын өздері де аңғармай қалды. Н.Төреқұловтың сол кезеңде әлемдегі ең бір беделді, абыройлы дипломатия басшыларымен, елшілік қызметінің көрнекті қайраткерлерімен тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі, сонымен бірге солардың құрметіне ие болуы, керек болса сол елде қоныс тепкен шетелдік елшіліктер корпусының жетекшісі, жолбасшысы биігіне көтерілуі, әрине, кеңестік большевиктік үкіметтің толық қолдауына ие болуынсыз екіталай еді.Кеңес-Сауд қарым-қатынастарының, “алтын ғасыры” түбегейлі зерттелген. Кәсіби арабшылардың айғақтауынша, бұл зерттеу өз мақсатына жеткен. Осы істе “Нәзір Төреқұловты” Араб дүниесіндегі барынша ардақты Каирдың “Айн-шамс” университетінде аударуға ден қойған Сауд әл-Фейсалдың рөлі айқын аңғарылады. Кітаптың жай мазмұнын ғана емес, Төреқұловтың сыртқы істер халық комиссариатының басшылығымен жазысқан хаттарындағы астарлы ой оралымдары мен аса бай тіл өрнектерінің бәрі де араб тіліне шебер аударылған. Нәзір Төреқұлов жаңа қызметін тез арада меңгеріп, жергілікті саяси қайраткерлермен, ірі саудагерлермен өзара сенімді қатынастар орната алды. Бұл орайда мына бір фактіні келтіре кеткен орынды. Бұрын араб тілін арнайы оқымаған Нәзір тез арада оны жақсылап үйреніп алғаны соншалық, аудармашы қызметінен мүлдем бас тартты. “Өйтпесем, бірдеңе айтсам, басқаша аударылады да, әңгіменің мәні айдалада қалады”, деп жазады ол. Бұл оның алдымен елшілік қызметінің өте жауапты әрі өте абайлап, сақтық ұстап атқаратын еңбек екендігін терең түсінгендігінің белгісі.

Араб тілін жетік білуі оны еуропалық дипломаттардан жоғары қойды, араб сұхбаттастарының құрметіне бөледі. Ал еуропалық дипломаттар бұл тілді білмейтін. Мысалы, британ миссиясының басшысы тек қана ағылшын тілінде сөйлейтін.

1936 жылдың 3-қаңтарында Таяу Шығысқа қызығушылығы төмендеген КСРО Нәзірді жұмысынан босатады. Париж, Берлин арқылы Мәскеуге қайтып келген Нәзіл бос жүргенше деп Ұлттар кеңесі жанындағы тіл мен жазу институтына жұмысқа тұрады. Түркі-татар тілдері бойынша Ғылыми ізденіске кіріседі. Кейін 1937 жылдың шілде айына дейін Шығыс халықтарының тілі мен әдебиеті институтының Ғылыми қызметкері, институт проректоры болып қызмет атқарды. Ал 1937 жылдың 15-шілдесінде ордер шығып, 17-шілдесінде қамауға алынады. Үштіктің шешімімен» 1937 жылы Н.Төреқұловты “халық жауы” ретінде айыпталып, ату жазасы туралы үкім шығып, сол күні Мәскеуде орындалды.

КСРО Жоғарғы Әскери коллегиясы 1958 жылдың 28 қаңтарында Нәзір Төреқұловтың ісін қайта қарады. Істің және қосымша тергеудің материалдарын тексеріп әскери прокуратураның қорытындысымен келісіп, КСРО Жоғарғы Сотының Әскери коллегиясы шешім қабылдап, Н.Төреқұловты толық ақтады.

Бірақ бұл үкім тым кеш еді... Тамаша адамның, талантты дипломаттың ғұмыры ешбір мән-мағынасыз тым ерте үзілгені жанымызды күйзелтеді. Қатыгез әділетсіздікке жол берген КСРО-ның басшыларына аса наразылық білдірген Сауд Арабияның корольдігі Кеңестер одағымен елу жылдың шамасында дипломатиялық қатынасын үзді.

Н.Төреқұлов құжаттарын, жазбаларын, құпия хаттарын зерделеу бір мақалаға сыймайтын өзекті ғылыми ізденіс тақырыптарының бірі екені даусыз. Бірақ, соған қарамастан, Н.Төреқұловтың хаттарынан алынған бұл шағын үзінділер сараптай алатын, мәселені шешуге саналы түрде қарайтын, терең зерделей алатын ерекше, қызықты кейіпкер, заманауи ойлы тұлға идеясын растайды деп ойлаймын.

Осы мақалада жазылған барлық ойлар тек қызықты және талантты адам ғана дарынды дипломат бола алады деген ойды тағы бір рет растайды.

Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың осындай тұғыры биік асыл тұлға азаматын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал. . Ер есімі ел есінде және болашақ ұрпақтың жадында нақышпен тасқа жазылғандай мәңгі қала бермек.

 

Әл–Фараби университеті  Орындаған:Нугманова Аяжан   Журналистика факультетінің 1-курс студенті

Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *