Квест ойыны: «Өз мамандығыңды тани білесің бе?»

№46 «Балбұлақ» бөбекжайы»МКҚК

Әдіскері Кобланова Алима Реджеповна

           Мақсаты: Қазіргі заман тәрбиешісінің әлеуметтік-психологиялық мәдениетін жетілдіру. Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке,бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу. Балабақшадағы әдістемелік жұмыстың перспективасын анықтау.

Қатысушылар: тәрбиешілер.

Өткізу жоспары:

  1. Жүргізуші тағайындалады.
  2. Тапсырмалар әзірленеді.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:

1.Ойынның сценарий–жоспарын құру.

2.Тәрбиешілердің психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен танысуы.

3.Педагогикалық жағдаяттар, сөз жұмбақ, анкеталар, ребустар, кроссвордтар құру, мәтіндерді жинақтау.

  1. Тәрбиешілердің кәсіби шеберліктерін және қасиеттерін дамытуға және анықтауға арналған жаттығуларды жинақтау.
  2. Ойынның өту орны, уақыты және жауаптылар белгіленеді.

Ойынның өту барысы:

Жүргізушінің кіріспе сөзі: ойынның тақырыбын, шарттарын жариялайды.

Шарты: әр тапсырманы орындай отырып, бір қадам алға жылжып, мамандықтың алтын кілтін табу.

Жарты шеңбер бойында тұрып тәрбиешілер өздерін таныстырып, не себептен осы мамандықты таңдағанын айтып өтіп, әріптестеріне тілек тілейді. Ал ендіше әріптестер, квест ойынымыз басталды.

№1 Тапсырма:«Сөзжұмбақты шеш» Тақырыбы: «Стандартты білесің бе?» (Әр тәрбиеші стандарт туралы жасырылған сөзжұмбақтың сұрақтарын  оқи  отырып шешіп тақтадағы тор көздерді ретімен  жазады. Осы тапсырманың соңында ортадағы қызыл тор көз бойындағы сөзді оқи отырып, келесі тапсырманың кілт сөзін тауып алу керек)

а) -тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылады.

-М.д тәрбие мен оқыту мазмұнына қойылады.

-оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылады.

(Талаптар)

ә) «Қатынас» білім саласына жататын оқу іс-әрекеті (Тіл дамыту)

б) Қай білім беру саласы өнер туралы қарапайым түсініктер қалыптастыруды, фольклорды   қабылдауды, балалардың өзіндік шығармашылық қызметін іске  асыруын қамтиды?

(Шығармашылық)

в) «Шығармашылық» білім саласына жататын оқу іс-әрекеті (Мүсіндеу)

г) «Құрастыру» бөлімі қай саладан? (Таным)

д) «Дене шынықтыру» оқу іс-әрекеті қай білім саласына жатады?

(Денсаулық).

е) Қоғамда өзін ұстаудың адамгершілік нормаларын, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруді, қоғамда, табиғатта мінез-құлықтарын тәрбиелейтін білім саласының  бірі?                                                                   (Әлеумет)

ж) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).

Ең соңғы сұраққа жауап алынған соң  сөз жұмбақтың жауабы оқылады (Пішіндер)

№ 2 Тапсырма:«Пішіндерді құрайық».

(Тәрбиешілерекі топқа бөлініп, геометриялық  пішіндерді құрайды. Пішін құрылғанда бала тәрбиесіне қатысты төмендегі нақыл сөздер шығады)

Тік төрт бұрыштан:

а) «Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады» (Ыбырай Алтынсарин)

Үшбұрыштан:

б) «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» (Мұхтар Әуезов)

в) «Тәрбиеші қандай болу керек?» айтылған нақыл сөздерді байланыстыра отырып пікірталас.

№3 Тапсырма: «Тәрбиешінің мәнерлеп сөйлеуін және оқуын дамыту» Тәрбиешілердің жалпы ымдау реакциясын анықтау. (Тапсырма тәрбиешілердің бірдей орындауымен өтеді).Жүргізуші төмендегідей педагогикалық жағдаятты оқиды: «Оқу қызметі басталып кетті. Сіз балаларға тақырыпты түсіндіріп жатырсыз. Есік ашылып, топқа ең «тентек» бала кіреді»

– Сіз оған қатал: «Отыр жылдам»

– Таңғалып: «Күткен жоқпыз»

– Жаратпай: «Сен мені тағы да алаңдаттың»

– Сұрап: «Тағы да бірдеңе болды ма?»

– Сөгіп: «Сен бала маған жұмыс жасауға мүмкіндік бермейсің»

– Қуанып: «Ақыры келдің бе?» арнау сөзін талапқа сай салыңыз.

Тапсырма әдістемелік жағынан дұрыс орындалғанда, келесі «Өзіңді тексер» тапсырмасына өтеді.

№4 Тапсырма: «Өзіңді тексер». Тәрбиешілерге жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтерге осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады. Тапсырманы орындаған соң, педагогтер өз жазғандарын сөздерді оқиды, жүргізуші өз парағынан тексереді. 10 сөзден көп  дұрыс  қайталау келесі тапсырмаға жол ашылады.

№5 Тапсырма: «Ойлан, тап». «Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 2 минут уақыт беріледі, берілген уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек.Мысалы:Ана, қанат, аға, таң, адам, қағанат, таңдан,  қанағат, маған, дақ, тары,дана, Таңат, талғам, ағаттық,  Марал, аң, тақ, ара, арал, арала, маңызды, маңғаз, дара, тара, тарғыл, тар, ызың, ырыл,  қан, там, тал, тыл, тамыр, таралған, тарлан, аттан  т.б.

№6 тапсырма: Тәрбиешілермен шығармашылық жұмыстар: жоғарыдағы  құрастырылған сөздер ішінен жұмбақ,мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздер  айту  тапсырылады.

Өзі қызыл, өзі тәтті, жеген жанды таңырқатты                              (алма)

“Әке асқар тау,Ана ағар бұлақ, бала жағасындағы құрақ”

“Ара, ара, арала,Аралда бар ара”

“Адам көркі шүберек”

“Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар”

“АДАМДЫ –адам еткен еңбек, еңбек- бәрін жеңбек”.
Осы аталған сөздер ішінен ең тәрбиелі, адамгершілігі  мол тұлғаны «адам» десе болады. Мамандықтың алтын кілтін табудың шешуі  АДАМ сөзі. Адамды адам еткен – еңбек, еңбек бәрін жеңбек! Ал еңбектену үшін өзің сүйген мамандықтың иесі болуға тиіссің. Біздің сүйіп таңдаған мамандығымыз ол –ТӘРБИЕШІ. Тәрбиеші адам тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етуге тиіс.Сондықтанда әріптестер, сіздерге еңбек жолдарыңызға әрқашан сәттілік тілеймін!

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *