Модельдеу-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін қалыптастыру құралы ретінде.

Куралаева Алия Нуралдановна

Өскемен қаласы «Murager» балабақша-бөбекжайы» ЖШС, тәрбиеші

Мақсаты:Ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық деңгейде  қызмет атқара алатын ,дүниетанымы  жоғары, жан-жақты қалыптасқан  жеке  тұлға тәрбие леу.

Міндеттері:

1.Модельдеу  тәсілдерін  қолдану  арқылы баланың  тілін  дамытуда тиімді есте сақтау,оны  дұрыс жеткізе білу  дағдыларын  дамыту, сөздік  қорды  байыту. Дыбыс,сөз, буын, сөйлем  құрудың  жолдарын  меңгеру.

2.Баланың  бойындағы  білімділік,танымдық, шығармашылық  қасиеттерін  ашу,өзін  қоршаған  ортаны  танып білуді  дамыту.

3.Баланың  ой-қиялын  дамыту,жүйелі  ойлауға, өзін-өзі  тануға баулу.Қазіргі заманға  сай  жан-жақты,білімді, құзыретті  тұлға тәрбиелеу.

Болашақ ұрпақ   алатын іргетас өте маңызды және бұл негізді мектепке дейін жаста нығайтуға болады.Баланың ақыл-ойы таза және мейірімді.Біз оған кез келген әсер ете аламыз,бірақ негізгі мақсат- бұл ықпал баланың дамуына және әлем туралы дұрыс түсінік алуға көмектесу керек.       Балалардың дағдыларын, қабілеттерін және тілді дамытуда  модельдеудің маңызы өте  зор.Модельдеу- баланың санасындағы  әлемнің  жалпыланған бейнесін  алудың  негізгі  әдісі.Модельдеу- бұл  бала  ашушы  және  жасаушы болатын әрекет.Модельдеу арқылы  балалар  өзара әрекеттесу  ретінде  табиғ аттағы  себептерді, тәуелділіктерді, байланыстар мен  өзгерістерді  ашады.

Менің  тәжірибемде  кеңінен  қолданатын — тақырыптық-схемалық  модельдер, өйткені олардың  көмегімен  тақырып, құбылыс  және  түсініктер  дәлірек модельдендіреді, сурет, сызба  арқылы  балалар  кез келген  тақырыпты аша алады.Сол  модельдеу  тәсілдердің  бірі-кластер тәсілі.                                         Кластер  тәсілі   баланың  белсендігін, көрнекі –бейнелі ойлауды  арттырады. Кластер әдісі  бойынша  бір тақырыпқа байланысты  тұжырымдар, ойлар,мағ лұматтар  бір сызбаға  жинақталады. Бұл әдіс  баланың өз бетінше білім алуға, шығармашылығын  қалыптастыруда  ықпал етеді, ұжымда бірлесіп  жұ мыс жасауға  үйретеді, білімнің  тереңдігін  баяндайды.

. Мысалы, мен  кластер тәсілін «Ыдыс-аяқ» тақырыбымен байланыстырдым. Бұл  тақырыпты  мен К.Чуковскийдың «Федораның  қайғысы» ертегісімен  байланыстырдым.Кластер  сызба арқылы  балалар  ыдыстардың  түрлерімен, олардың  қолдануымен  және  неден  жасалатынымен  танысты.

«Үй  және жабайы  жануарлар»  тақырыбын  өткенде мына сызба-кластер  арқылы  балалар  жануарлардың  түрлерін,қайда мекендейтіні  және  немен қоректенетіні  туралы  білім  алады. Және  осы  кластерды  қолданып,ақпар атты қайта  айтып  бере алады. Мен өз жұмысымда  көрнекі  модельдеу(кластерді)  пайдалана  отырып, балаларға  ақпарат алуға,зерттеу  жүргізуге, салыстыру  жасауға,ақыл-ой әрекеттерінің,сөйлеу  мәнерінің  жоспарын  құруға, қорытынды жасауға үйретемін.Көрнекі  модельдеуді қолдану сөйлеу  процестерінің дамуына да әсерін тигізеді(зейін,есте  сақтау,ойлау).

Топта «Тіл дамыту бұрышы» бар.Мұнда тіл дамытуға арналған құралдар жиналған:тақырыптық  суреттер,көк және қызыл текшелер(дыбыстық талдау  жасауға арналған),қима әріптер,дидактикалық ойындар,ертегілер,жұмбақтар жинағы, жаңылтпаштар жинағы, санамақтар жинағы, мнемотехника жинағы бар.Балалардың тілін дамытуда тиімді әдәстердің бірі- мнемотехника әдісі. Мнемотехника-тіл дамытуда тиімді есте сақтау,оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс-тәсілдер жүйесі.Мнемотехника әдісі балалардың сөзді материалды есте сақтауда өте тиімді.Балабақшада балалардың жас ерекшеліктеріне байланыс ты мнемотехника әдісі балаларда қызығушылық туғызады.

Мен өз тәжірибемде мнемотехника арқылы «Сөйлейтін суреттер», «Ертегі ні жалғастыр», «Ары қарай айтып бер» деген  тапсырмалар ойын түрінде оры ндаймыз.Және мнемотехника көмегімен тақырыптық әңгімелер құраймыз, та қпақ ,логоритмикалық өлеңдер жаттаймыз.

Сонымен, қорытындылап айтқанда,модельдеу тісілі (кластер-сызбалар, схе малар,сызбалар,әртүрлі кестелер, мнемотехника)  баланың есте сақтау процес ін дамытады,қабылдау, көру  қабілеттері де дамиды.Және осы сызбаларды қолданып,бала түсіндірген материалды  қайта айтып бере алады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *