«Кең дүние төсіңді аш, мен келемін!»

Алматы облысы
Райымбек ауданы
Сарыжаз ауылы
«Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балабақшасы» ЖШС

Тәрбиеші Молдабекова Назерке Төлеубайқызы
«Кең дүние төсіңді аш, мен келемін!»

«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына орай 2024 жылғы 1 мен 9 ақпан аралығында мектепке дейінгі ұйымдарда Мұқағали онкүндігі өткізілсін», – делінген бөлім басшысы С.Е.Умбеталиевтың 31.01.2024 жылғы №58 хатына сәйкес 01.02.2024 жылы «Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балабақшасы» ЖШС шара бекітілді.
02.02.2024 жылы балабақшамызда ақын шығармашылығына шолу жасалып, топта бұрыш безендірілді.
https://www.instagram.com/p/C3NpWcNoKfZ/?igsh=MW1oYXNrNjBsZjM4eA==

Ақынның өмірі жайында видео көрсетілген соң ұжым мүшелерінің арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы мен өміріне шолу жасау мақсатында викториналық сұрақтардан кішігірім сайыс өтті. «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың», – дегендей ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін біз білмейтін біраз ақпаратқа қанық болдық.
https://www.instagram.com/p/C3NuQqEoCsr/?igsh=OGY4eTRiYTg0OG5w
05.02.2024 жылы ұжым мүшелері өз ортамызда көркем сөз оқудан сайысқа түсті. Әрқайсысы ақиық ақынның жан тебірентерлік шығармаларын ерекше сезіммен оқып, пікірлерімен бөлісті.
https://www.instagram.com/p/C3N4ArCIfon/?igsh=cWh5d28xOG41bWps

06.02.2024 жылы ересек «Алақай» тобының бүлдіршіндері ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына әртүрлі ресурстарды пайдалана отырып «Отан» тақырыбында сурет салып, байқау ұйымдастырды. Тақпақтары мнемокесте әдісімен беріліп, жаңартылған бағдарламаға сай жұмыстар жасалды.
https://www.instagram.com/p/C3N7IbeoINs/?igsh=bTgwMTM1cjN5dnpp

07.02.2024 жылы «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін!» ҰІӘ өтті. Ақиық ақынның сөзіне жазылған әндерімен балаларды таныстырып, балалар ерекше қызығушылықпен орындады. Көркем сөз оқуда тәрбиеленушілер қабілеттеріне қарай өлең шумақтарын жатқа айтты. Кіші топ бүлдіршіндері де аға-әпкелерінен қалыспай тілдерін жаттықтырып өлең жолдарын қайталап, тәтті кәмпиттерді сыйға алды.
https://www.instagram.com/reel/C3Of_-AoD3X/?igsh=MTZzdDRnZ2E2N3FweA==
https://www.instagram.com/p/C3OnKh2o7dA/?igsh=MWZtd2tpc3oxMGRuZg==

07.02.2024 жылы Мұқағали Мақатаев оқулары байқауына сұраныс жіберілді. Байқауға Есбол Манас, Дүйсенбек Гүлина, Әлдекен Айша, Кенжеғали Нұрали, Мақсат Алина «Көркем сөз» оқу номинациясы бойынша қатысты. https://www.instagram.com/p/C3Oo7VFoGey/?igsh=NGQ4azF5b2k2Nm1w
08.02.2024 жылы «Алақай» ересек тобы тәрбиеленушілері, тәрбиешілер, ата-аналар болып Қарасаз ауылында орналасқан ақиық ақын Мұқағали Маақатаевтың мұражайына және туған өлкесінде орналасқан мұзтауға саяхат жасап қайттық.
https://www.instagram.com/p/C3Oy5KtIpXd/?igsh=MXUxZHIwOXl5MG1mYQ==

09.02.2024 жылы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларын орындаудан балабақша ішілік отбасылық сайыс өткізілді. Сайыс нәтижесінде Тұрағалды Даниялдың отбасына бас жүлде, ал Есбол Манас пен Рамазанның, Еркін Ақтөре мен Рамазанның, Әлдекен Айшаның, Өмірақын Мадина мен Марленнің отбасыларына І орын беріліп, «Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балабақшасы» ЖШС құрылтайшысы тағайындаған арнайы сыйлықтар табысталды.
https://www.instagram.com/reel/C3O0ORUIAhE/?igsh=MTdiOHNjeHIydXJ3OA==
https://www.instagram.com/reel/C3O0j_docyQ/?igsh=Zm9vdWxkb2RoNXky
https://www.instagram.com/reel/C3O0sz5o0Yp/?igsh=MXZkeTN0cG9kMHlieA==
https://www.instagram.com/reel/C3O1KVsowsY/?igsh=MW16eWZsOTJkNmo3Zg==
https://www.instagram.com/reel/C3O04lyopOa/?igsh=ZnJtenRnbjU4aGxo
Балаларымызды ұлттық құндылықты дәріптеуге, рухани азық алуға тәрбиелеп жатқан балабақша ұжымына алғыс айтамыз. Балаларымызды тек биіктерден көре берейік.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *