Соғыс кемелері һәм мина

Орыс-Жапон арасындағы өзара теке-тірес. Екі мемлекет те қиыр шығысқа үстемдік орнатуға дәмелі. 1904 ж. 8-ші ақпаннан 9 ақпанға қараған түні жапон флоты соғыс жарияламастан Порт-Артурдағы орыс эскадрасына шабуыл жасады. Жапонияның кенеттен соғыс бастауы Ресей үшін үлкен қиындық тудырды. Бұл оқиғадан соң Жапония ресми түрде Ресейге 10 ақпан күні соғыс жариялады. Бұл соғыста жеңіске қол жеткізген Жапония Германияның бірінші саптағы Тсиндау, Аустрияның Лвов крепостарын да иемденді. Тіпті, олардың бетке ұстар Перемишл атты крепостын да алуға шақ қалды. Бұл шиеленіс соғыстар әрине Тынық мұхиты арқылы өткен болатын. Орыс-жапон соғысы әскери шеберліктің өсуінің маңызды уағы болып табылады. Жаппай әскерлер, түтінсіз ұнтақ, жылдам атылатын артиллерия, қайталанатын винтовка, жаңа байланыс құралдары секілді жаңа құбылыстар да соғыстың жаңа әдістерін тудырды.

Екі ел арасындағы соғыстың басталудағы негізгі себептері:
— дамып келе жатқан отандық экономика үшін сыртқы нарықтарды жаулап алу әрекеті;
— Қиыр Шығыстағы ресейлік және жапондық мүдделердің қақтығысы;
— Корея мен Қытайдың, Ресей мен Жапонияның байлығын байытуға ұмтылу;
— Шығысқа Ресей империясының экспансиясы;
— патша үкіметінің халықты революциялық көтерілістерден алшақтату ниеті.Бұл Маньчжурия мен Кореяны бақылау үшін Ресей мен Жапон империялары арасында орнатылған шайқас. Тынық мұхиты флотының қолбасшысы вице-адмирал С.О.Макаров теңіздегі белсенді операцияларға және Порт-Артурды қорғауға дайындалған еді. Алайда, соғыс басында оның флагманы Петропавл минаға соғылып, 2 минут ішінде жермен-жексен болды. Кеме суға батып, Макаровтың бүкіл штабы қаза тапты. Бұл жағдайдан соң қиыр шығыс күштерінің бас қолбасшысы адмирал Е.Е. Алексеев теңіздегі белсенді операциялық адымдардан бас тартты. Сондықтан орыс флоты қорғанысқа назар аударды.

Ресейдің негізгі жеңіліске ұшырау себептері мынадай:

Жапонияны Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарының қолдауы;
Ресейдің соғысқа дайындығы әлсіз;
Жапонияның әскери-техникалық артықшылығы;
Орыс қолбасшылығының қателіктері мен ойластырылмаған әрекеттері;
Қорларды Қиыр Шығысқа тез көшіру мүмкін еместігі;

Соғыс нәтижесінде:

Корея Жапонияның ықпал ету аймағы ретінде танылды;
Жапония Оңтүстік Сахалинді иемденді;
Жапония Ресей жағалауында балық аулау құқығын алды;
Ресей Жапонияға Ляодун түбегін және Порт-Артурды жалға берді.

Бұл шиеленіс 1904 жылы қыста бастау алып, 1905 жылға дейін 12 ай уақыт шамасына дейін созылды.

Иә, бұндай соғыста су үстіндегі нысаналардың атқаратын қызметі үлкен-ақ. Су үстіндегі жарылғыш миналар, қалың қабатты кемелердің төтеп беруі, кеме үстіндегі жауынгерлердің әрекеті барлығы да тәуекелге әкеледі. Жапонияның бұл соғыста жеңуіне де зор үлес қосқан осы зұлмат күшке ие құралдар мен құрылғылар. «Қазақ инженері» атты лақап есім жариялаған бұл мақалада соғыстың барысы ғана емес, қарулардың орналасу реттілігі және олардың құрамына дейін толық тоқталып, сипат берген.

 

Аманғали Жансен. Журналистика факультетінің 1-курс студенті.

Жетекшісі: фил.ғ.к., доцент Р.С.Жақсылықбаева.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *