Сауаттылықты трендке айналдыр

Сауаттылық — адамның білімімен қатар, тәрбиесін, мәдиениетін білдіретін дүние. Әрбір тұлға болып қалыптасатын адам үшін сауатты жаза білу керек. Иә, тек тіл мамандары ғана емес, кез келген имиджін дұрыс қалыптастырамын деген адам үшін бұл маңызды критерийлердің бірі. Себебі, кескін келбетіңіз келіскен, киімдеріңіз қанша жерден бір-бірімен үйлесімділік тауып тұрса да, жазу сауатыңыз ақсап жатса, имиджге бұл кері әсерін тигізетін бірден бір себеп.

Соңғы кездері жастар арасында сауатсыздық кеселі өршіп тұр. Ал бұл ненің салдарынан болуы мүмкін деп мәселенің шет-жағасын көтере бергенде, бір емес бірнеше себеп қаз қатар тізіліп шыға келді.

Мәселені жан-жақты зерттеуді бастағаннан-ақ, көп дүниеге көз жетті. Кеселдің өршуіне себеп болып отырған басты фактор — әлеуметтік желі. Яғни, әлеуметтік желіні тұрақты қолданатын жастар асығыс, тез, қысқартып жазамыз деп, сонымен қатар қазақша қаріптердің жоқтығын сылтауратып, нәтижесінде «нест», «нестеватсын» сынды сөздер күнделікті қолданысқа еніп кетті. Бұдан бөлек, шылаулардың сөздерге қосылып жазылуы тағы бар. Осы тұста инстаграм парақшада жүргізілген сауалнамаға назар аударсақ, дауыс бергендер 51%-ы сөздерді қате жазатындарын ашық көрсетті. Ал қазақтың төл әріптерін дауыс берушілердің 21%-ы қолданбайтын болып шықты.

Иә, көзі ашық, көкірегі ояу жаңа заман дәуірінің ұрпақтары бұл дүниені қазірден қолға алмаса, бұл да қанға сіңіп кетуі әбден мүмкін. Өз тілімізді өзіміз шұбарламай, сауатты жазуға ұмытылайық. Сауатты ұрпақ ретінде тіл мәртебесін өсіретін де, өшіретін де өзіміз. Бүгінде жастар арасында жаңа дүниелер тез трендке айналады, сауатты жазуды да әдет пен сәнге айналдырса, бұл оқылық лезде қалыпқа келмек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *