Қазақстанда біріңғай уақыт белдеуі орнатылады ма?

Шама Адина Бауыржанқызы

Қазақстанда біріңғай уақыт белдеуі орнатылады ма?

Қазақстан аумағында 2024 жылдың 1 наурызда сағат 00:00 ден бастап елдің бүкіл аумағында біріңғай уақыт белдеуі орнатылады,деп хабарлады ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі .

Өзгерістерге сәйкес,енді батыстың( Атырау,Ақтөбе,Ақтау,Орал) қалалары уақытымен жүреміз.Яғни Оңтүстік,Солтүстік,Шығыс қалалары уақыттары 1 сағат артқа жылжиды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылады.Ғалымдардың зерттеуі бойынша UTC+6 уақыт белдеуі табиғи күн уақытына сәйкес келмейтінін растап, денсаулыққа теріс әсер ететінін анықтады

Біріңғай уақыт белдеуіне көшудің пайдасы бар ма? Ғалымдардың зерттеуінше адам денсаулығына оң әсер етеді.Сондай-ақ ,біріңғай уақыт белдеуін белгілеу өңірлер арасындағы уақытша кедергілерді жояды.

Бірінғай уақыт белдеуіне көшуге Шығыс Қазақстан халқы қарсы шықты.Бұл өзгеріс шығыс халқына ауыр тимек.Себебі,күн қысқарған сайын олар күн сәулесін аз көреді.Бұл өзгеріс шығыс халқына алаңдаушылық әкеліп,стресске түсірді,-дейді қоғам белсендісі Алексей Божков.

Алайда министрлік жаңа уақыт белдеуіне көшу денсаулыққа қана емес,ел экономикасына да пайдалы деп сендірді.

Осылайша,Қазақстанның барлық аумағы UTC+5 сағаттық белдеуге ауысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *