Жүрек пен ниет тазалығы

Жалпы, өмірде ненің ақ, ненің қара екенін анық білсек те, кімнің ақ, кімнің қара екенін біз шешпейміз. Бəріміз де адамбыз ғой.  “Басқа пəле тілден» , » Он пəленің тоғызы тілден» деген мəтелдерді жиі естиміз де,айтамыз да, бірақ оған мəн бермей, ойымызға оралғанды айтып та,жазып та жүре береміз. Артынан барып “қап» деп сан соғып қаламыз.

Біреуді біреу асты-үстіне түсіп мақтап жатса, бəріміз де соған еріп, мақтай саламыз, немесе керісінше біреуді біреу жер-жебіріне жетіп жамандап жатса, біз де соған еріп даттай саламыз. Олай істеу оп-оңай ғой. Жамандықты жасырып, жақсылықты асырудың орнына, біреудің мінін тергенге, тырнақ астынан кір іздеуге, түймедейді түйедей етуге бір табан жақын тұрамыз. Оны тағы адамбыз ғой, өмір ғой деп жуып шаямыз.  Сонда адамшылдық қайда қалды?             «Біреуге күйе жағу үшін де,өзің де күйе болуың керек» деген  сөз бар.

Тағдыр тарықтыра да, жолықтыра да, толықтыра да алады. Ал осының бәрінің орындалуы тек тағдырға емес, адамдағы ниет пен пейілге байланысты. Өйткені пейілің тар емес кең болып, ниетің толыққан таза болса, неге жақсыларға жолықпасқа?!                                                                     Айтпағым, жақсыны жақсы деп жантаю немесе жаман деп алыстап жатырқау емес, жүрекке мән беру. Яғни адамдағы ең маңызды, көп нәрсеге себепші нәрсе әрине ол — жүрек. Жүрек таза болса пейіл де, ниет те, адамның өзі де көп нәрседен таза болатыны xақ. Тек кейде пендешілікке жауып, құштарлық пен іштарлық сезімдерінің ығынан шыға алмай қалатынымыз болмаса, қалғаны түгел. Ең бастысы жүрегімізді мөр баспасын!

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *