Өмір — күрес секілді

Неғұрлым ақылды болған сайын көбірек таласады,неғұрлым көбірек таласса,соғұрлым бірінен бірі алшақтай түседі. Ақыры айырылысып тынады. Арада бәрнеше жыл өткен соң,жаны жат бөтен әлдекіммен үстіне бала-шаға,қазан-ошақ,қоқыр-соқыр тиелген бір арбаға жегіліп,арып-аршып жүрген шақта өткенді өкінішпен ойға алып, “шіркін,баяғыда қандай ақымақ болғанбыз” деп күрсінеді. Жоқ,қателесесіз,ақымақ болған жоқсыз, тым ақылды болдыңыз. Сол себепті де бақытыңыздан айрылдыңыз. (М.Мағауин “Көк мұнар”)                                                           Қарап отырсам, өмір-күрес секілді.  Әркімге әр қилы тағдыр мен сынақ береді.                   Біреулер жүзіп өте шығады, біреулер бір батып, бір малтып, жағаға жетеді. Тағдыр сынағынан қорықпау да, қашпау да керек. Сол сынақ арқылы, үлкен өмірге сабақ аламыз. Біз шатасып, біз адасып, біз құламасақ, өмірдің мәні қайсы болмақ?! Қайтып тұрып, қиындықты жеңіп, жолымыздағы түрлі кейіптегі пенделермен жолығып, біреудің қиянатын, біреудің жақсылығын көрмесек, тағдыр туралы толғау тербеп, өмір жайлы не айтар едік?!  Кейде, Алла тағалам әдейі сүріндіретін секілді… Көтеріп келіп, бір мезетте тастап жібереді… Бәлкім,ол да дұрыс шығар..    Не нәрсе болса да, қандай сынақ болса да, жаның жараланып құлап жатсаң да, күдеріңді үзбе. Үйіп-төгіп берері, жақсыны да, жаманды да көрсетері анық! Не берсе де хайырымен, жақсылығымен берсін! Жаманнан аластап, жақсылықпен қауыштырсын!                                              Ал, пенделер…  Пенделер ешкім емес… Қателеседі… Шатасады… Адасады…                     Солай өмір өтеді!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *