Өмір — күрес секілді…

Қарап отырсам, өмір-күрес секілді..

    Әр кімге әр қилы тағдыр мен сынақ береді… 

    Біреулер жүзіп өте шығады, біреулер бір батып, бір малтып, жағаға жетеді… Тағдыр сынағынан қорықпау да, қашпау да керек… Сол сынақ арқылы, үлкен өмірге сабақ аламыз. Біз шатасып, біз адасып, біз құламасақ, өмірдің мәні қайсы болмақ?! Қайтып тұрып, қиындықты жеңіп, жолымыздағы түрлі кейіптегі пенделермен жолығып, біреудің қиянатын, біреудің жақсылығын көрмесек, тағдыр туралы толғау тербеп, өмір жайлы не айтар едік?!          Кейде, Алла тағалам әдейі сүріндіретін секілді… Көтеріп келіп, бір мезетте тастап жібереді… Бәлкім,ол да дұрыс шығар…
Не нәрсе болса да, қандай сынақ болса да, жаның жараланып құлап жатсаң да, күдерінді үзбе…                                                        Үйіп-төгіп берері, жақсыны да, жаманды да көрсетері анық! Не берсе де хайырымен, жақсылығымен берсін! Жаманнан аластап, жақсылықпен қауыштырсын!

Ал, пенделер…

Пенделер ешкім емес…

Қателеседі… Шатасады… Адасады…

Солай өмір өтеді…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *