“ОТБАСЫНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ”

Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің ордасы. . Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеп. Бала шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап , отбасының мейірім , махаббатына бөленіп , ата-ана , бала , отбасы деген атқа ие болады. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.”Отан отбасынан басталады”. Отбасындағы ең елеулі қызметтердің бірі ол балп тәрбиесі. Болашақта жақсы отбасы құру үшін , сол отбасыда жақсы тәрбие , өнеге алуы керек. Тіптен, “Отбасы” деген атаудың өзі бір адамға жылулық береді. Отбасы- ол ата-ананың балаға , баланың ата-анаға деген махаббаты , бір-бірін түсінуі. Ата-ананың балаға тал бесіктен берген тәрбиесі дұрыс болса , онда ол бала болашағын емін еркін жоспарлай алатын, болашаққа деген қадамы нық сеніммен болады. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құл­дырауға ұшырауына байланыс­ты қо­ғам­­да бірқатар керітартпа әрекеттің пай­да бола бастағанын байқауға болады.

Оның бірі қазіргі тұрмыс құр­ған жастардың ажырасуға деген бейімді­лігі. Қазіргі таңда екінің бірі отбасын құрып жатыр , сәйкесінше ажырасып жатқандардың да шамасы аз емес. Отбасын құру деген үлкен жауапкершілікті білдіретін ұғым. “Үйлену оңай үй болу қиын” деген атам қазақ. Үлкен жауапкершілікті иеленер кезде , ой иелегінен өткізіп , ақыл мен шешу керек. Сонда ғана ата-ананың балаға деген жауапкершілігі артады. Қоғамда ажырасу , жетімдер , жесір қалып жатқандар мүлде болмайды.

Автор: Зайфун Назерке  “Тұран” университетінің   журналистика мамандығының 3 курс студенті.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *