Оқушыларды бағалау,Бағалау жүйесінің даму кезеңдері

Айтбек Айбибі

Кез келген іс-әрекет нәтижесі бағалауды қажет етеді. Бағалау болмаған жағдайда адам қандай да бір қателіктердің немесе дәлсіздіктердің бар-жоғын біле алмайды, дұрыс бағытта дамып келе жатқанына сенімді болмайды. Әрине, кез-келген жұмысты объективті бағалау керек, бірақ оны жасау көбінесе оңай емес.Адамға және оның қызметіне деген жеке қарым-қатынас, стандарттары кедергі келтіреді. Бағалау әрдайым басқалардың жасаған жұмысын салыстыра келе ең жақсы жұмысты мрапатату ретінде қоладну қажет. Бағалау — бұл әрі қарай оқу мақсатында жүйелі түрде жалпыланған іс-шараларды сипаттау үшін қолданылатын термин.
Бағалау оқушылардың белгілі бір мазмұнды түсінуі және оны пайдалану қабілеті туралы ақпарат жинау және пайымдау процесін білдіреді. Осылайша, ол студенттердің білімі мен дағдыларының дәрежесін және оларға қалай қол жеткізгенін анықтауға мүмкіндік беретінін көре аламыз.
Бағалау кезінде жиналған ақпарат маңызды, өйткені бұл процесс жүйелі түрде жүргізілуі керек және қажет болған жағдайда оның процедуралары қайта қаралуы, бағалануы және өзгертілуі керек. Сонымен қатар, бағалау мазмұны оқытудың болжамды нәтижелеріне бағытталуы керек.
Бағалау тарихын ғылыми әдебиеттерден талдай отырып, 1917 жылға дейін балдық жүйеде қойылғанын байқай аламыз, бірақ 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен оқушы білімі мен тәртібін балдық жүйемен бағалау мектеп тәжірибесінен мүлде шығарылғанын анықтадық. Бағалау Кеңестік жүйеде қажеттілігіне қарай ауызша, әңгімелесу, сұхбат түрінде бағалау жүзеге асырылған. 1932 жылдан бастап жүйелі бағалау принципі іске асырылған, сонымен қатар 1944 жылы оқушы білімін бағалау сөздік бағадан сандық баға жүйесіне ауысқанын көреміз .
Бағалау жүйесінің даму тарихы антикалық заманнан басталады. Антикалық өркениеттің педагогикалық жүйесіндегі (Эллада дәуірі) бағалаудың алатын орны ерекше болып табылғанын көреміз .
Бағалау латын тілінен аударғанда «жақын отыру» дегенді білдіреді. Жалпы бағалау оқушы мен мұғалімнің бірлескен іс әрекетінің нәтижесінде болады.
Андрей Илларионович Кузьмин пікірі бойынша — бағалау түпкілікті нәтижелерді жақсарту мақсатында белгілі бір процедуралар арқылы жүзеге асырылатын жүйелі процесс деген пікірді ұстанады:
Бағалаудың басты міндеті — оқушының ілгерілеуіне қолдау жасау. Оқу мен оқыту үдерісін жетілдіру барысында мұғалімдер мен оқушыларға көмек көрсету. Джеймс және Педдер (2006) оқуды бағалау туралы кең таралған ойлардың жиынтығын үш фактормен сипаттап айтып берді:
− Оқудың айқындығы
− Өз бетінше оқудың алға жылжуы
− Нәтижелілікке бағытталу.
− Ренессанс (XIV-XVI ғасырлардағы Ренессанс) өкілдері өздерінің педагогикалық ойларында бағалау жүйесі туралы түсінік береді. Ал ортағасырлық еуропалық педагогикада бақылаудың нысандары мен әдістері егжей-тегжейлі қарастырылған. XVI-XIX ғасырларда бағалау жүйесінің дамуы чех және славян педагогы Я. А. Коменскийдің («Ұлы дидактика») еңбектерінде байқалды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс ағартушылары В.Г. Белинский Н. Г. Чернышевскийдің еңбектерінде педагогикалық бағалау мәселелері туралы айтылды.
− ХХ ғасырдың 60-70 жылдары. Ресейлік ғалымдар В. Л. Беспалько, Н.Л. Лернер, В.М. Полонский, Н. М. Скаткин ғылыми еңбектерде бағалау процесінің әдіснамалық негіздерін жасады. Сонымен қатар, ғалым-педагогтар бағалаудың нормативтік негіздерін анықтады.
Ал оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау процесінің психологиялық аспектілері-орыс педагог-психологтары (Ш.А. Амонашвили, А. И. Захарова, А. И. Липкина және Л. А. Рыбак және т. б.) өздерінің ғылыми еңбектерінде қарастырды Бағалау процесінің кезеңдері
Әр кезеңді талдады,қысқаша талдау берілді:
1) Бастапқы бағалау. Оқушыларыңыз туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін процес. Ақпаратты әртүрлі тәсілдермен алуға болады, мысалы, сауалнамалар, сұхбаттар, диагностикалық сынақтар және пікірталастар сияқты әдістер арқылы ақпарат жинауға болады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *