Дебат ойыны

        Қазақ сөзді құдіретті күш деп таныған халық. «Тау мен тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»  дейтін мақалдардың барлығы сөздің құдіретті күш екенін,  сондықтан да сөзге аса жауапкершілікпен қарап, оның төркін түйінін түсіне алатын түйсік болуын талап ететіндігін айтады.  Алайда бүгінде  қаншалықты осы сөздің түп төркініне жете сөйлеп жүргеніміз бәрімізге аян. Дегенмен, қазіргі жастар арасында  орынды жерде ұтымды сөз айта алатын жастарымыз да жоқ емес. Осы сөзімнің дәлелі ретінде  пікірталас, яғни дебат ойнын ойнап жүрегн жастарды атап өткім келеді. Себебі,дебат ойындары- сөзді «қиыннан қиыстыратын» тіл жүйріктерінің өнер жарысы, сөз сайысы, сөз барымтасы.Себебі, орынды жерде өз ойын дөп басып айта алатын адам қай заманда болмасын өз ортасының айнасы іспетті, өйткені тыңдаушыны өз сөзіне иландыру мақсатында еркін, көркем, әдеби,сөздің тек жауhарларымен сөйлейді.

Елдің дамуы адамдардың азаматтық қоғамға белсене қатысуынсыз жүрмейтіні анық. Пікірсайыс та, адамдардың сыни ойлауын дамыта отырып, өз ойын қалыптастыруға, бір мәселеге әртүрлі жақтан қарауға үлкен септігін тигізеді. Балаларымызға да өз көзқарастарын сенімді түрде дәлелдеуге, білімді түрде пікірталастыруға, белгісіздік жағдайында саналы таңдау жасауға, кішіпейіл болуға, жаңа достар табуға және олардың әрекеттері үшін жауап беруге көмектесу — мәдени әлемнің маңызды бөлігі.

Дебат ойнау арқылы өзіңізді дамытып ғана қоймай, үлгілі тұлғаларды көру мүмкіндігініз бар . Дебат ойнағалы 2 жылда көптеген тәжірибе жинап , Дариға Назарбаева , Есен Елеукен , Асхат Аймағамбетов , Серік Сапиев, және т.б тұлғаларды көрген жайым бар.

Сол үшін баршаңызды дебат ойнауға шақырамын ,либералды қоғамды бірге қалыптастырайық!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *