Қазіргі қоғам дамуындағы жастар бойындағы дерт

Қазіргі қоғам дамуындағы жастар бойындағы дерт

Біз қазір дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Өмір сүру үшін, өзіңді жетілдіру жолында барлық жағдай жасалған десем қате айтпағаным деп есептеймін. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы болып табылатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты  білім беру, елі мен жерін сүйетін тұлға болып қалыптастыру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Адамның дамуына тағы бір маңызды фактор – ортаның үлкен әсері бар екені түсінікті. Адамның ортасы қандай болса өзі де сол бағытпен жүріп отырады. Жақсы адам болып дүниеге келу әрине қуанарлық нәрсе, дегенмен жақсы тұлға болып қалыптасу ол адамның достарына, қоршаған ортасына тікелей байланысты болып келеді. Тұлғаның қалыптасуына әсер ететін тағы бір фактор – бұл тәрбие. «Тәрбие тал бесіктен» деп қазақ бекерге айтпаған. Отбасы шағын мемлекет. Адам отбасында қандай тәрбие көрсе өскенде сол көргенін жасайды.

Жастар арасындағы проблемаларға жұмыссыздық пен интернетке тәуелділікті айтар едім. Жұмыссыздық туралы айтар болсам мемлекетіміз жұмыссыздықтың санын қысқартуға көп көңіл бөліп, бағдарламалар дайындап жатырғандығы барлығымызға белгілі. Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер қарастырылып жатыр. Елімізде жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы –жастардың қолында! Жастар – ел болашағы. Ал, болашақ бағдарсыз болмайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жас мөлшері 14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда жастар еліміздің халқының 30% құрап, қоғамның маңызды бөлігі болып табылады. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Сол себепті де дамыған заманның жастары үнемі ізденісте жүруі тиіс. Оқып, білім алып, көрген білгенін айналасына түсіндіріп, еліне пайдамды тигізсем деген оймен жүруі керек. Жастарға жол көрсетуші аға буын өкілдері өздері де сөздеріне сай болып ізденімпаз болса еліміз одан сайын гүлдене беретініне сенімім мол. Алдымызға қойған мақсатымыз әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатырына қосылып, мәңгілік ел болу. Осы жолда барлық Қазақстандықтар аянбай еңбек етуі тиіс деп есептеймін. Еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында, сондықтан да жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу әрбір адамның міндеті деп есептеймін!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *