Қарттар орталықтары(қызметі, мақсаты)

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы  – оңалту шараларын жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін, сондай-ақ әлеуметтік көмектің түрлерін анықтайтын құжат, ол меншік нысаны мен шаруашылық тәсілдеріне қарамастан тиісті мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

ОЖБ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органымен медициналық ұйымдардың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары мен оңалту іс-шараларын жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарта отырып (қажет болған жағдайда) мүгедекті куәландырған күннен бастап бір айдың ішінде әзірленеді.

Мүгедектердi оңалту ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулықтың нашарлауынан туындаған тiршiлiк әрекетінің шектелуiн жоюға немесе оның орнын мүмкiндiгiнше толықтай толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк iс-шаралар кешенiн қамтиды.

ОЖБ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар басқармасынаұсынылған келесі құжаттардың негізінде мүгедектікті белгілеу мерзімінде әзірленеді:

  1. ОЖБ алуға арналған өтініш (мүгедектің немесе оның заңды өкілінің);
  2. жеке басын куәландыратын құжат;
  3. тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, село немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы);
  4. медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындысы (мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда);
  5. мүгедектікті растайтын анықтаманың көшірмесі (мүгедектік қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленген жағдайларда);
  6. амбулаторлық аурудың медициналық картасы.

ОЖБ неден тұрады?

  1. ОЖБ картасынан.
  2. ОЖБ картасының үзінді көшірмесінен.
  3. Оңалтудың медициналық бөлігінен.
  4. Оңалтудың әлеуметтік бөлігінен (жергілікті атқару органдарының мамандарымен жүргізілетін мүгедектің өмірінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру актінен).
  5. Оңалтудың кәсіптік бөлігінен (жұмыс істейтін мүгедектердің өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайы туралы мәліметтерден).

Медициналық оңалту нені қамтиды?

  1. Оңалтудың медициналық бөлігін медициналық ұйымдар мен басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.
  1. Медициналық оңалту жөнiндегi iс-шараларды денсаулық сақтау ұйымдары мен меншiк нысанына қарамастан басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргiзедi.
  2. Санаторий-курорттық емдеу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган анықтайтынтәртiпте, жеке оңалту бағдарламарына сәйкес мүгедектер мен мүгедек балаларға ұсынылады.
  3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекке санаторий-курорттық емделуге жолдама Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес жұмыс берушiнiң есебiнен берiледi.
  4. Жұмыс берушi – жеке кәсiпкердiң қызметi тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыста мертiгуге ұшыраған немесе кәсiптiк ауруға шалдыққан мүгедекті санаторий-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсынылады.

Әлеуметтік оңалту нені қамтиды?

Оңалтудың әлеуметтік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері) және басқа да мамандандырылған ұйымдар жүргізеді.

  1. мүгедектердi жеке бас гигиенасының, өзiн-өзi қарап-күтудiң, жүріп-тұрудың, қарым-қатынастың негiзгі әлеуметтік машықтарына үйрету;
  2. мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) және арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
  3. бөгде адамның күтiмi мен көмегiне мұқтаж мүгедектерге, соның iшiнде мүгедек балаларға үйде арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
  4. оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер ұсыну:
  • жүрiп-тұруы қиын бiрiншi топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшi;
  • есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тiлi маманын – жылына алпыс сағатқа.
  1. медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) арнайы әлеуметтiк қызметтер ұсыну;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес құқықтық көмек көрсету;
  3. оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге түрлері.

Кәсіптік оңалту нені қамтиды?

Оңалтудың кәсіптік бөлігін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте алынған лицензияның негізінде білім беру қызметін атқаратын ұйымдар жүргізеді.

Мүгедектерді кәсіптік оңалту келесілерді қамтиды:

  1. кәсіптік бағдарлауды;
  2. кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды);
  3. жұмысқа орналастыруды.

Кәсiптiк бағдарлауды білім беру, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары жүзеге асырады.

Мүгедектердің жұмысқа орналасуы үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілер мүгедектерді кәсіптік бағдарлауға қатысады.

Мүгедектердi кәсiптiк оқытуды (қайта оқытуды) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте алынған лицензия негiзiнде бiлiм беру қызметiн жүргiзетiн ұйымдар жүзеге асырады.

Оңалтудың медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бөліктері бойынша өткізілген іс-шаралардың тиімділігін бағалауды, мүгедекті кезекті қайта куәландыру кезінде немесе оны динамикалық бақылау тәртібінде аумақтық бөлімше жүзеге асырады. ОЖБ-ны уақытында түзету және одан арғы оңалту шараларын әзірлеу үшін аумақтық бөлімше динамикалық қадағалауды ұйымдастырады, ол үшін мүгедектің аумақтық бөлімшеде болуының бақылау мерзімдерін анықтайды.

Зейнетақы

“2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” ҚР Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері (ынтымақты + базалық) 77 417 теңгені құрайды, оның ішінде ынтымақты зейнетақының ең төменгі мөлшері – 53 076 теңге, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда 2 млн 236 мыңнан астам қарт адам бар. 1 қазанда елде «Қарттар күніне» орайластырылған айлық басталды. Барлық деңгейдегі әкімдер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары аға буын өкілдерін әлеуметтік қолдау іс-шараларын, еңбек ұжымдарында кездесу, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда «Ашық есік» күндерін және басқа да шараларын өткізетін болады.

«Nur Otan» партиясының «Өз­геріс жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында биыл Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау ми­нистр­лігі аға буын азаматтарының жағ­дайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бе­кітті. «Жоспарға сәйкес барлық өңірде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу көзделген. Олар белсенді қарттар санын кө­бейтіп, олардың өмір сүру са­пасын, әл-ауқатын, денсаулығын және психоэмоционалдық жағ­дайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазір 10 өңірде: Алматы қаласының барлық ауданында (9 орталық), Нұр-Сұлтан және Шым­кентте, сондай-ақ Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында 21 орталық жұмыс істейді», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кө­мек саясатын дамыту департа­мен­тінің директоры Асқар Ниязов. Елде қарт адамдарды әлеу­меттік қолдаудың қандай шара­лары жүзеге асырылып жатыр? Мемлекет зейнетақымен қамсыз­дандыруды жетілдіру шараларын қабылдауда. 2021 жылғы 1 қаң­тардан ынтымақты зейнетақы 7%-ға, базалық зейнетақы 5%-ға өсті. 2018 жылғы 1 шілдеден база­лық зейнетақы ең төменгі күн­көріс деңгейінің 54%-дан 100%-ға дейін еңбек өтіліне қарай сара­ланып белгіленеді. Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 18,5 мың, жоғары мөлшері – 39,3 мың, ор­ташасы 31,1 мың теңге. Ынтымақ­ты зейнетақының орташа мөлшері – 68,8 мың, жоғарысы – 100,6 мың, ең төменгі мөлшері 43,3 мың теңге болды. Бүгінде 45 мыңнан астам қа­рия АӘҚ-мен қамтылды. Оларға 45 медициналық-әлеуметтік меке­­меде, 43 күндіз болу бөлім­шелері және оңалту орталық­тарын­да, сон­дай-ақ 357 үйде әлеу­меттік көмек көрсету бөлім­ше­сінде қыз­мет көр­сетіледі. Бұлар­да 8 қызмет түрін – әлеумет­тік-экономика­лық, әлеуметтік-құқықтық, әлеу­меттік-еңбек, әлеу­меттік-мәдени, әлеу­меттік-психологиялық, әлеу­мет­­тік-педагогикалық, әлеумет­тік-ме­дициналық қызметтер ұсы­ны­лады. Қарттарды әлеуметтік қолдауға 11,9 млрд теңге бағытталды. Со­ның ішінде Жеңіс күніне біржолғы материалдық көмекке – 6,4 млрд теңге (115,8 мың адам), азық-түлік жиынтығын ұсынуға – 145,5 млн теңге (31,6 мың адам), жеңілдікті дәрі-дәрмекпен қамтуға – 46,6 млн теңге (4 мың адам), тіс протездеуге – 229 млн теңге (2,5 мың адам), санаторлық-курорттық емдеуді ұсынуға – 1 млрд 247,8 млн теңге (24,1 мың адам), тұрғын үйді жөндеуге – 39,9 млн теңге (517 адам), отынға 286,5 млн теңге (10,5 мың адам) жұм­салған.

Орындаған : Қаһарман Айгерім

Жетекші: Авсыдыкова Құралай

http://www.kaznu.kz

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *