Негізгі ҰБТ-2023 нәтижелері

 

2023 жылдың негізгі ҰБТ-ның соңғы аптасы аяқталды.

Жалпы саны 304 мың талапкер қатысқан тестілеуден 79% түлектер шекті балл жинай алды. Еске салсақ, бұл нәтиже былтырмен салыстырғанда шамамен 10 пайызға жоғары.

Талапкерлердің 76% — ы қазақ тілінде, 24% — ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Тапсырушылардың орташа жинаған баллы былтырғыдан қарағанда 3 баллға артық. 2022 жылы ол 67 балл болса, биыл 70-ке өсті.

Сонымен қатар, тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 365 талапкер айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 273 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Биыл грант конкурсына құжаттар 13-20 шілде аралығында электрондық форматта қабылданады. Нәтижелерін шығару 10 тамызға жоспарланған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *