Мен таңдаған мамандық эссе
Жер бетінде қаншама адам болса,соншалықты мамандық иесі бар.Әр адамның өмір жолында таңдауы,тағдыры әр түрлі.Бұл өмірде адам балсы екі нәрседен жаңылыспауы керек.Бірі жар таңдау болса,екіншісі мамандық таңдау. Мамандық таңдау- адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі.Менің ойымша,әрбір адам өз жүрегі қалайтын мамандықты таңдағаны дұрыс деп ойлаймын.Себебі,өзің сүйіп таңдаған мамандығың саған үлкен жетістіктер мен биік белестерді сыйлайды.
Қазіргі таңда жастар,мектеп түлектері, мамандық таңдаудан жаңылып жатады.Ата-аналарының қалауы бойынша түсіп, не болмаса тегін оқу екен деп түсіп жатқандарды да көріп жатамыз. Бұл өте бұрыс шешім.Өйткені, олар өз өмірілерін,уақыттарын босқа кетіріп жатырғандарын аңғармай қалады.Өзінің сүйіп жасамайтын мамандығыннан алға ұмтылыста,құлшыныста болмайды.Сондықтан қазіргі жастарға берер кеңесім мамандық таңдауда жауапкершілікті сезінгені дұрыс деп ойлаймын.Асықпай, тек жүрек қалауыңмен таңдаған мамандығың саған әр қашан өз жемісін береді.
Мен таңдаған маманадық-журналист. Журналсит-халықтың мұңын мұңдап,жоғын жоқтайтын,елдегі болып жатырған мәселелерді халыққа жеткізуші,жақсы да қуынышты жаңалықтармен бөлісетін маман иесі.Бұл мамандық жауапкершілікті,әрқашан тапқырлық пен батылдықты қажет етеді. Менің ойымша журналист үшін сауаттылық пен еңбекқорлық аса маңызды.Осы қағидаларды толық ұстансам, өте тәжрибелі мықты журналист болатныма сөзсіз сенімдімін.
Мен бұл мамандықты бала кезімнен армандайтынмын.Теледидардан түрлі бағдарламалар,жаңалықтар жүргізетін журналисттерге қарап,менде сол кісілер секілді болғым келеді деп жиі айтатынмын.Олардың экран алдында өз-өздерін ұстауы,сөйлеу мәнеріне ғашық болатынмын.Кейінен өсе келе ата-анам менің дәрігер болағанымды қалады.Үлкен кісілер болғандықтан жиі аурулар пайда бола бастайды.Сол себепті балаларының жанында болып, қарасқанын қалады.Әрине ата-анамның да таңдауы өте орынды,бірақ мен алған бетімнен қайтпадым.Өйткені, маған дәрігер маманы мүлде ұнамайтын.Көзімді жұмып тұрып, журналистика мамандығына түстім.
Қазіргі таңда Халель Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқып жатырмын.Көзді ашып жұмғанша бірінші курсты да тәмәмдадым.Бұл мамандыққа түскеніме мүлде өкінбеймін .Өйткені,бұл таңдаған мамандығым маған үлкен жетістіктер әкелетінін сезіндім.Өзім өте құрмет тұтантын журналисттердің бірі Дана Нұржігіт.Өте тәжірбиелі,салмақты журналисттердің бірі. Осы кісіні теледидардан көргенде журналистика мамандығына махаббатым одан әрі ұлғая түседі.Болашақта менде Дана Нұржігіт секілді атақты,елге еңбегі сіңген мықты журналист болатныма кәміл сенімдімін.
Лаура Наурызалы
Х.Досмұхамедов атындағы атырау университеті
Журналистика кафедрасы 101-3 топ