“Менің өміріме әсер еткен тұлға”

Менің өміріме әсер еткен тұлға

 

Ақтөбе қаласында білім алып жүрген қыз. Алматының мектебіне түсу үшін емтихан болатынын ұстазынан естіді. Бірден мектеп формасын киіп, қағаз бен қаламын алып, сол жаққа жөнелді. 
Жаңа мектепке қабылдау емтиханы өткен күн. Әр мектептің ең үздігі жиналып жатыр. Қорқыныш бар. 

Кабинеттің есігі ашылды. Көзіме бірден ашық түсті көйлек киген қыз түсті. Маржандай жылтыраған тістері, күн сәулесіне шағылысқан бейнесі көз алдымда. Сәлден кейін, ол қыздың “апай” екенін түсіндім. 

Орындаққа отырған бойда, аузынан шыққан әр сөзді қызығушылықпен тыңдадым. Ең алдымен, адамның келбетіне, іс-әрекетіне қарайтыным рас. Оқушылардың алдында сөз сөйлегені, дауыс ырғағы, ақылдылығы тамсандырды. Менің апайды алғаш рет көзбен көріп, таныған кезім осы еді. Емтиханнан кейін ол кісіні көрмедім.

Мектепке қабылданғанымды естіген ата -анам бірден өз келісімдерін берді.

Алматыға арман куып келген күн.

Мектепке кіріп, бірден жаңа ортаға үйренісіп кеттім. Сыныбымды көріп, таныстым.

Барлық сабақтарға кіріп шықтық. Ендігі кезек қазақ тілі сабағы.

Қазақ тілі сабағы өтетін дәрісхананы іздеп, таба алмай жүрміз. Алдымызда ілініп тұрған тізімге көзіміз түсіп, 402 деп тұрған кабинетке жол тарттық.

Есікті ашқан кезде менен емтихан алған апайды көрдім. Қатты қуанып кеттім. Бізге қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстазымыз екен.

Есімі — Динара Ғабитқызы. Апай сабақ түсіндірген кезде, оқуға құштарлығымның оянғанын байқамай қалдым. Уақыт өте келе, қатаңдық пен әділдікті қатар ұстайтын жан екенін түсіндім. Әр сабағы қызықты өтіп, өз мамандығын сүйіп жақсы көрінетіні көрініп тұрады. 

Ұрсып тұрып, жақсы көретін ұстазым.

Өмірімде мұғалімнің бәрі ақша үшін жұмыс істеп, балаға білімді дұрыс бермейтінін көретінмін.

 “Ұстаз болсаң, ақ шашым көбейіп кетеді”-деп ойлаушы едім. Динара Ғабитқызын көргеннен кейін, ойым түбегейлі өзгерді. 

Жап-жас болып, балаларға тереңдетіп білім беріп, өзінің материалдық жағдайын сүйіп жасаған жұмысы арқылы көтеріп алған кісі. 

“Үлгі тұтатын” деген сөзді айту үшін, апайымды толығымен зерттедім. 

“Журналистика саласына түс”, — деп айтқан сөзінен кейін тоқталдым. 

Қай салаға барсам да, “ақысын адал алатын маман” болғым келеді. 

“Ұстаздан шәкірт озар” сөзінің жалғасы болып, өміріме әсер еткен тұлғамен мақтанып жүремін. Өміріме әсер еткеніңіз үшін рақмет!

 Абай РММИ 11-сынып оқушысы             Сәулетқызы Биязы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *