Қазақстандағы мобилография

http://Қазақстандағы мобилография Мобилография — бұл кәсіби фотоаппараттың көмегіне жүгінбей, сандық камерасы бар электронды құрылғыларды қолдану арқылы сапалы бейне жасайтын фотосурет түрі. Мобилография тарихы Жанр ретінде жылжымалы фотография осы ғасырдың басында қалыптасты. Бұл әрине, камералармен жабдықталған технологияның таралуына байланысты болды. Ұялы фонографияның бастаушысы – ломография. Ломографияға деген қызығушылық 1993 жылдан бері пайда болған. Дәл осы жылдары Ленинградтың оптикалық-механикалық қауымдастығы арзан және ыңғайлы камераны ойлап шығарды. «LOMO-Compact» деп аталатын бұл камераның бағасы шамамен 10$ болды. Аппарат Вена өнер академиясының студенттерінің арқасында танымал болды. Олар Прага қаласына барып жолда кездескен қызықты ескерткіштерді суретке түсірген. Бірнеше ракурстарды қамтып түсірген фотосуреттерінің арқасында бірнеше күнде осы камера жоғары сұранысқа ие болған. Ал «Мобилография» терминінің авторы — ресейлік суретші Дмитрий Резван. 2004 жылы Дүниежүзілік мобилографтар қоғамы құрылған. Ол «Әлемнің мобилограммасын құру және әлемде мобилографияны тарату» міндетін негіздеді. Ал мобилографияны Қазақстанға алып келген яғни танытқан ол Қыран Талапбек. Қазіргі таңда 70-мыңдай студентті бар. Жалпы мобилография әлемді ерекше көзбен көру және сол ерекшелікті телефон арқылы халыққа жеткізу. Қазақстанда мобилография соңғы 1-2 жылда жақсы дамып келеді. Керек десеңіздер Президенттіміздің өзінде жеке мобилографы бар. Мобилографияның артықшылығы телефонға видео түсіріп және соңы тез уақытта монтаждау. Әрине бәрімізге бұл мобилографиямен ақша табуға бола ма? Болашағы бар ма? деген сұрақтар мазалауы мүмкін, мен бұл сұраққа еш ойланбай ия деп жауап беремін. Себебі қазіргі таңда Қазақстанда 1,5 млнға жуық бизнес бар екен. Бизнесті халықта көрсету, сату үшін кім керек? Әрине мобилограф маманы керек. Мобилограф маманы видеоңызды тез уақыт аралығында дайындап береді және ол телефонның қарапайым камерасына болсада өте сапалы болады. 1 курс дінтану мамандығының студенті: Мырас Біржан Жетекші аға оқытушы: Тунгатова У. А. www.kaznu.kz

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *