Дене тәрбиесі пәні бағдарламасының сонғы 100 жылдағы қазақстанда және шет елдерде даму, өзгеру ерекшеліктері

Дене тәрбиесі пәні бағдарламасының сонғы 100 жылдағы қазақстанда және шет елдерде даму, өзгеру ерекшеліктері

Авторлар туралы мәліметтер. Уанбаев Еркин Қинаятұлы – педагогика ғылымдарының кандидаты, С. Аманжолов ат. ШҚМУ доценті (Өскемен қаласы). Уанбаева Фарида Жеңісханқызы Қазақстан-Американдық еркін университетінің аға оқытушысы.

 

Аннотация. Мектептің дене тәрбиесі сабағы оқушылардың денсаулығын сақтау, нығайту бағытындағы ең әрекетті, негізгі жолы болғандықтан, дене тәрбиесі бағдарламасы ғасырлар бойы ғалымдардың, ұстаздардың, министрлік басшыларының үнемі назарында болып келеді. Дене тәрбиесі бағдарламасы сонғы 100 жылда саясат, экономика, әлеумет, техника салаларының дамуына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Мақалада дене тәрбиесі бағдарламасының дамуы мен өзгерістері 3 бағыт бойынша зерттелген. Ол бағыттар: Кенес одағы кезіне, егемендік жылдары, шет елдердің дене тәрбиесі бағдарламалары. 1917-1992 жылдары Кенес одағы кезеңінде дене тәрбиесі бағдарламалары біртіндеп, саты-саты бойынша экономика дамуына байланысты дамып, өзгертіліп отырылды. Еліміз егемендік алған жылдары дене тәрбиесі бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық, техника салаларының өзгеруіне, дамуына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Мектептің дене тәрбиесі бағдарламасы ғалымдарымыз, ұстаздарымыз, мектеп, министрлік, Республикалық ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі және спорт орталығының басшы, қызметкерлері қатысуымен 1993, 2003, 2010 жылдары қайта қаралып, зерттеліп, өзгертіліп, құрастырылды. Бағдарламаның өзгеруіне 1996 жылы қабылданған Президенттік сынаманың да әсері көп болды. Ғалымдарымыз дене тәрбиесі бағдарламаларын өзгертіп, құрастыру бағытында шет ел бағдарламаларын: Америка, Европа, Азия елдерінің дене тәрбиесі бағдарламаларын оқып, зерттеп, талдап, олардың негізгі бағыттарын ескеріп отырған. Мақалада осы мәселелердің бәрі көрініс тапқан, кеңінен зерттеліп, анықталған.

 

 

Ғалымдардың зерттеулері бойынша Елімізде, көрші Ресей мемлекетінің мектептерінде 12% -дан аз ғана дені сау оқушылар, 38% ауыру, 50% денсаулықтары әртүрлі ауытқуларға бой алдырған оқушылар оқиды [1, Б. 5-10].

 

Денсаулықты нығайтатын, қимыл әрекетін белсендіретін, өмірге қажет қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыратын негізгі пән – дене тәрбиесі сабағы. Сондықтан да дене тәрбиесі сабағы, оның бағдарламасы, бағдарлама мазмұны ғалымдарымыздың басты назарында.

 

1917-1932 жылдар кезіндегі оқу бағдарламаларында мектеп дене тәрбиесіне деген бағыты басты назарда ұсталды. Сондықтан да, 1932 жылдардағы мектеп бағдарламасында оқушыларды әскери және дене тәрбиесіне дайындау көрсетілді. В.А. Чугуеваның мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы дене тәрбиесі бағдарламасы Орынбор тәжірибе көрсеткіш мектеп базасында, ал біріңғай бағдарлама 1927 жылы әзірленген. Осы бағдарламаның қабылдануы дене тәрбиесі пәнінің мектеп қабырғасындағы негізгі, міндетті пәндердің біріне айналуына алып келді.

 

Соғыстан кейінгі жылдары басты міндет дене қозғалысының дамуына, спорттық шеберлікті жоғарылату, әлемдік біріншілікте Кеңестік спортшылардың көп жүлделерді иеленуіне жағдай жасалды. Сондықтан да, соғыстан кейінгі кезеңде арнайы тапсырыс бойынша оқу бағдарламасының құрылуына, оның білімдік қағидаларына басты назар аударылды. Оқушылардың спорттың негізгі түрлері: гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, спорттық ойындарға деген ынталары артты .

 

70-жылдардан бастап дене тәрбиесінің бағыты «спорттың негізгі түрлерін үйрететін» білімдік бағыттан оқушылардың мүмкіндіктерін жоғарылататын сауықтырғыш бағытқа дейін өсті.

 

Мектеп дене тәрбиесін түбегейлі өзгертудің қажеттілігі 1984 жылы жалпы білім беретін және кәсіби мектептерде жаңа реформаның тууына әкелді. Оның пайда болуы 1985-1986 жылдары «Жалпы білім беретін мектептің І-ІХ сыныптарына арналған кешенді бағдарламаның» енуіне жағдай жасады. Бұрынғы үрдістей бұл бағдарлама жалпыға ортақ болды. Бағдарлама кешенді деген атқа ие болды. Өзіндік мазмұнына қарама-қайшы өзгерістерді, ешқандай концептуалды әдісті және еш жаңа деңгейді қамтымағандықтан мұндай (кешенді) атау бағдарламаның мазмұны мен қосылған өзгерістердің мінезін ашық көрсетіп тұрды. Мектеп дене тәрбиесінің тәжірибесіне әзірленген оқушылар мен жасөспірімдердің қозғалыс белсенділігін арттыру аталмыш бағдарламаның ерекшелігі болды [2, 28, 76 б.].

 

90-жылдардың басында қалыптасқан жағдай мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне тағы да жаңа толықтырулар енгізді, біз сөзбен айтқанда жаңа реформаны қажет етті. Бұл кезеңде мамандар (Ю.Н. Вавилов, 83) дене тәрбиесін қайта қарастырған жаңа концепцияның жобасын жасады. В.И. Столяров құрастырған «Спарта» жүйесі басты назарға алынып, жаңа ұйымдастыру құралдары мен әдістері арқылы дене тәрбиесін қалыптастыру ісі жүрді. Соның нәтижесінде дене тәрбиесі бойынша жаңа оқу бағдарламалары пайда болды. Оларды бірнеше негізгі түрлерге бөліп қарауға болады. Солардың ішінен мұғалімге, оның шығармашылық және кәсіби мүмкіндіктеріне басты көңіл бөлетін бағдарламалардың орын ерекше.

 

Екінші түрдегі бағдарламаларда басты бағыт – оқушыларда. Бұл үлгідегі оқу кешенінде дене шынығуындағы белсенділік оқушылардың өзін-өзі көрсету құралы ретінде ұсынылады. Бағдарламадағы ойын үлгілері қозғалысы көп спорттық ойындардың аса қажеттілігін түсіндіреді. Ал төртінші үлгі оқушыларға дене тәрбиесі пәні арқылы оқытумен қатар тәрбие беру үрдісін ұғындырумен сипатталады .

 

Базалық және вариативті бөлімдердің үндесуі қоғам мен жеке тұлғаның арасында қарама-қайшылықтың болмауына, салауатты өмір салтына тәрбиелеу маңыздылығының артуына балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі тануымен өзі-өзі жетілдіруіне мол мүмкіндік жасауға, педагогикалық үрдіс барысында гумандық қағидалардың қалыптасуына көмектеседі.

 

Мұндай тәсіл жасөсперемдерді тәрбиелеу ісінде спорттық мекемелерінде қазіргі таңда да нақты тәжірибеден өтуде. Мысалы, оқу бағдарламасының базалық деңгейі жалпы білім беретін мектептің «Дене тәрбиесі» пәні арқылы Мемлекеттік білімдік стандартты қамтиды. Ол бастауыш, негізгі және орта білім беретін мектеп оқушыларының бойынан әзірлікті талап етеді.

 

 

1993 жылғы шыққан республикалық бағдарламаға сәйкес материал мазмұнынан толықтырулар мен өзгерістер енгізуге ұлттық дәстүрге байланысты материалдықтехникалық қорландыруға болады. Әйтсе де, Ю.Н. Васильковтың нақты нұсқаларына сүйенсек, жекелеген аймақтарға арналған бағдарлама жасаудың алғы шарттарын Ш.Х. Ханкельдиев, Б.У. Альмуханов, С.В. Хрущев секілді ғалымдар бастады [3, 21 б.].

 

Қарағанды облысында Г.К. Гейнцтің бастамасымен дене шынықтыру пәнінің жалпы білім беретін мектептің 1-9 сыныптарына арналған бағдарламаның нұсқалық бөлімі жасалды, бұл үлгіде оқушыларға арналған тиімді жаттығулардың түрі төмендегідей берілген. Олар: «Малдас», «Сайыс» жүйесіндегі жаттығулар, ырғақты гимнастика, халықтық би бөлшектері, қозғалмалы ойындар, «Қазақша күрес», көзге арналған гимнастика, аутотренинг, йога элементтері, тыныс алу жаттығулары, массаж және айтылған дене жаттығуларды өткізу және ұйымдастыру әдістемесі [4, 7 б.].

 

Қазіргі кезеңде дене шынықтыру пәнінің оқытушысына мектептің материалдық базасы мен оқушылардың мүмкіндігін пайдалана отырып, оқу бағдарламаның орта қанаты мен негізгі қанаты құрылу қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектеп тәжірибесіне сауықтыру мақсатымен спорттың жекелеген түрлеріне арналған бағдарламалар түрі де енді.

 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мамандар тобы тарапынан бағдарламалар құрастырылып, 2003, 2010 жылдары оқу үрдісіне енгізілді. Ол бағдарламаны құрастыруда С.І. Қасымбекова, А.Қ. Қульназаров, Ю.Г. Телеугалиев, С. Тайжанов секілді отандық ғалымдар еңбек етіп, құрастыруға өз үлестерін қосты. Бағдарламаның түсіндірмелігінде мақсат міндеттерді, оның әдебиеттерінің қолданылу тиімділігі айтылған.

 

Читайте также:

1 комментарий

  1. Кенжегул:

    Рахмет осы ашылган Сайттар тел.га сакталама

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *