ойнап өспеген бала- ойлап өспейді

Ойнап өспеген бала- ойлап өспейді

Баланың ойындағы белсенділігі, іс-ірекеттері, өзара қарым-қатынастар жасау оның дамуына ықпал етеді.  «Ойнап өспеген бала- ойлап өспейді» деген сөзді ескерсек, ойынның қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.

Бала тәрбиесін ата-анамен бірігіп, ұштастырып отыратын мектепке дейінгі ұйымдар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, сауықтыруды қамтамасыз етеді. Балабақшаға баратын баланың қабілеті де өзгеше болады. Бала тәрбиесі- қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс болғандықтан кейде ата-аналардың  жастығы, бала тәрбиесінде тәжірибесінің жоқтығы, немесе тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі, қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие мәселесіне қатысты олқылықтарға жол беріледі. Сондықтан да балабақша өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдіру, этика және эстетикалық мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде оларды баланың алғашқы тәрбиелеушісіне айналдырудың бүгінгі таңда маңызы зор. Осындай мақсаттарда балабақшада ата-аналармен түрлі тақырыптарда тренингтер, дөғгелек үстел, семинарлар өткізіп отыру қажет.

ОЙЫН- мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Мазмұны мен түріне қарай ойын: мазмұнды- бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық,  сюжеттік-рөлдік, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Балабақшада бұл әрбір ойын түрлерінің элементтерін тәрбиешілер әрдайым ұйымдастырылған іс-әрекеттерде пайдаланып отырамыз. Ойынның қай түрі болмасын баланың адамгершілік  тәрбиесінің  дамуында маңызды рөл атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті ойын екені белгілі, сол себептен оның мәні ерекше. Педагог-психолог  мамандар жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасатынын  айтады. Ойын барысында балалар өздерін еркін, ізденімпаз, тапқыр етіп көрсеткісі келеді. Сезіну, ойлау, қабылдау, қиялдау, зейін қою арқылы да түрлі сезім әлеміне сүңгиді.   Балабақшада тәрбиешілер бала ойына ерекше мән береді. Себебі, ойын үстінде қалыптасатын  балалықтың түйсігі мен әсері бала өмірінде өшпестей із қалдырады. Сонымен бүгінгі ойын, бейнелі іс-әрекет ертеңгі шындыққа айналары сөзсіз. Баланың қуанышы мен реніші де ойында айқын көрінеді. Баланы далаға, көшеге «ойнап кел» деп жіберу ойын деп есептелмейді. Бос уақытыңыз болса, балаңызбен әңгімелесіп, түрлі ойындарды бірге ойнасаңыз, отбасыңыздың да берекесі емес пе, әрі шаршағаныңызды басылары анық. Бір ғана мысал балаңызбен қарапайм ұлттық  ойындарды  бірге ойнап, алданған балаңыздан тақпақ айтып беруді сұрасаңыз ол ерекше көңіл күймен өлең айтып, би билеп берері анық. Сіз, тек баланың жан дүниесіне жақындап үңіле білсеңіз болғаны. В. Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәндегі ақыл ой-тәрбиесі болмайды»- дегендей, баланың бойына ақыл-парасатты, ұлттық салт-сананы сіңіру біздің болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз деп білемін.

 

 

Утеубаева Гульдана Арыстановна

тәрбиеші

КМҚК «Радуга»бөбекжай-бақшасы

Солтүстік Қазақстан облысы

Тимирязев ауданы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *