Мамандық таңдау

  Мамандық таңдауға кеңес!
Мамандық – адамның еңбек әрекетінің бір түрі және оның арқасында ол күн көреді. Мамандық таңдау тақырыбы көптеген жастағы адамдар үшін өте өзекті, бірақ бұл қиын таңдау әсіресе жақын арада оқу орнына түсетін жоғары сынып оқушыларына қиынға соғады. Өйткені олар мамандық таңдауды тезірек шешуі керек.
Мамандық таңдау – өте салмақты да зейінді міндет және өмірлік мұрат. Өйткені, болашақта осы қиын таңдаудың нәтижесінің арқасында күн көретін боласыз. Сондықтан бала кезіңнен бастап мамандық таңдаған дұрыс.
Егер сіз мамандық таңдауда әлі де қиналсаңыз, сізге ТОП 3 кеңес:
1) Сіздің жүрегіңіз сізге не айтып жатқанын тыңдаңыз және шын мәнінде нені қалайтыныңызды түсініңіз. Өзімізді басқалармен жиі салыстыратындықтан, біз шынайы армандарымызды ұмытып, шын мәнінде не қалайтынымызды түсінуді тоқтатамыз.
2) Сіз немен айналысқыңыз келетінін таңдағаннан кейін мамандықты және оның не екенін зерттеуіңіз керек. Мысалы сіз журналист болғыңыз келеді делік, ол үшін сіз өзіңіздің лауазымыңызда талап етілетін пәндерді үйренесіз. Журналистикада тілдер, грамматика, сөйлеу мәнері және тағы басқа, сияқты гуманитарлық пәндер қажет. Сондай-ақ сіздің мамандығыңыз туралы барлық ақпаратты білуіңіз қажет.
3) Сонда ең маңыздысы! Сіздің қолыңыздан ең жақсы жаса алатын  болатынын түсінуіңіз керек. Мысалы: күрделі математикалық есептерді шешіңіз, дауысыңызды сауатты басқарыңыз, сахнада немесе экранда рөл ойнаңыз, істі зерттеуге қабілетті және қызығушылық танытыңыз, әдемі билеңіз, әр түрлі дәмді тағамдарды пісіріңіз және көптеген, әртүрлі нұсқалар бар. Генри Форд «Ең жақсы жұмыс – жоғары жалақы алатын хобби» деп бекер айтпаған. Енді ең оңайы — сіздің талантыңызға сәйкес келетін мамандықты таңдау.

JOURNALISTAR медиа-мектеп оқушысы: Адина Абдирова

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *