«Абай» журналында әдеби, оқу-ағарту мәселелерінің жазылуы

Семейде 1918 жылы февраль, октябрь айларында «Абай» журналы шығарылған еді. Барлығы екі нөмір
жарық көрді. Бул журналға Мухтар Әуезов, Сұлтанмахмут Торайғыров, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Жумат Ша­нин сияқты мәдениет кайраткерлері қатысты. Осында олардың идеялық жағынан ұстамды мақалалары мен шығармалары жарияланды. Журналдың бағыт-бағдарын белгілеген — осылар. «Абай» деп журналға ат қойғандар да солар. Рас онда өздерінің жат пікірлерін өткізуге тырысқан ұлтшылдар да анда-санда катысып отырған.
Бірақ «Абай» журналы большевиктердің ыкпалымен оянған қазақ бұқарасының аңсаған арманына жетуіне езіндік улесін қосты. Жалпы алғанда, ол саяси мәселелер жөніндегі қателіктеріне карамастан прогресшіл, Совет өкіметін жақтаған журнал болды.
«Абай»— Семей каласында оқып жүрген қазақ жастарының бірлескен «Уақ қарыз» серіктігі қаражатымен шығарылған әдеби журнал.
Абай журналында Мұхтар Әуезовтың өзіме қатты ұнап ой салған мақаласы жайында сөз қозғағым келіп отыр. «Қазақ әйелі» деп аталатын бұл мақаланың әдеби және мәдени тұрғыда оқырманға сыйлайтын эмоциялық сезімінің тереңдігін сезініп көру керек.Сезініп көре білген адамның бойында қазақ әйелдеріне деген ерекше сыйластық пайда болады.Себебі осы уақытқа дейін әйел затына деген қазақ ерлерінің қарым-қатынасына ашынып жазған Мұхтар Әуезовтің бұл мақаласы халықтың құлағына алтын сырға тағып,бір ой қалыптастыруға бағытталған.Ол ой мәдениет пен әйел затының қатар жүретінін, әйел затының қадірін білмеген ел ешқашан да дамушы елдермен терезесі теңесе алмайтынын,мәдениеттің бастауы әйел заты екенін тәпіштеп түсіндіреді. Осындай мақалалар «Абай» журналының жан-жақтылығын , маңыздылығын айқындай түседі.Ерекшелендіре түскен біздің арыстырамыздың сіңірген ерен еңбегі әрқашан біздің есімізде….

 

Сағындық Әсел

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *