Өлі және тірі табиғат

Білім беру саласы: «Әлеумет», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі:  Экология негіздері
Тақырыбы:  «Өлі және тірі табиғат»
Мақсаты: Балаларды экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өлі және тірі табиғат туралы алғашқы ұғымдарын  қалыптастыру. Қызықты ойындар арқылы ұйымдастырылған оқы қызметіне қызығушылықтарын арттыру.  Табиғатқа қамқорлыққа тәрбиелу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, АКТ технологиясы, Мнемотехнология  әдісі, ActivInspire  бағдарламасы арқылы жасалған ойындар.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Проектор, тақырыпқа  сай слайдтар.

Билингистикалық  компонент:  табиғат-природа

 

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН  ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАРЫСЫ:

 

I-Кіріспе бөлім

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай? (керемет деп, балалар қолдарымен көрсетеді).  Ендеше балалар, осындай керемет көңіл күймен ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз!

-Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Тас және гүл

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар, балалар! Иа менің қолымдағы тас пен гүл бұл екеу де табиғатқа жатады. Тас – ол өлі табиғат, ал гүл – тірі табиғат. Ендеше бүгін біз сендермен өлі және тірі табиғат деген не екені туралы толық танысатын боламыз! Олай болса алдымыздағы сиқырлы тақтаға назар аударайық! Кәне, мен сиқырлы тақтаны қосайын.

 

II-Негізгі бөлім

Ғажайып сәт: (экранда тақта сөйлейді) Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендерге өлі және тір табиғат туралы бейнежазба әкелдім. Соны менімен бірге тамашалайсыңдар ма? (иә)

Сиқырлы тақтаның таныстырылымы: Бізді қоршаған әлемде барлығы табиғат құбылыстарының әсерінен немесе адамның қолымен пайда болған дүниелер. Үйлер, көліктер, жиһаздар — бұлардың барлығы адамның қолымен жасалған. Адамның қолынан шықпаған дүниелердің барлығы табиғаттың әсерінен пайда болған. Табиғат өлі және тірі болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа — өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатады. Тірі табиғатқа тіпті адамның өзі де жатады.

Өлі табиғатқа — таулар мен күн, ауа мен бұлт, құм мен тас, өзендер мен көлдер жатады.

Өлі және тірі табиғаттың айырмашылығы неде? Оны түсіну үшін мынадай тәжірибе жүргізуге болады. Жерге фасоль тұқымын мен тас егу қажет. Терезенің алдына қойып, су құйып тұру қажет. Бірнеше күннен кейін тұқымның көгеріп, өскенін байқауға болады. Ал тастан еш өзгеріс болмайды. Яғни тірі табиғатқа өсіп, өнетін құбылыстарды жатқызамыз.

Екінші тәжірбиені былай жүргізуге болады. Терезенің алдына екі үй өсімдігін қойып, оның біреуін күнделікті суарып, екіншісін суармау қажет. Бірнеше күннен кейін суарылмаған үй өсімдігі солып, өліп қалады.  Яғни тірі табиғат құбылысына азық қажет. Сонда ол өсіп-өнетін болады. Тірі табиғат ауасыз өмір сүре алмайды. Және тірі табиғат құбылыстары ұрпақ қалдыра алады. Мысалы өсімдікті дәнегі арқылы көбейтуге болады. Ал жануарлардың балалары пайда болады. Өлі табиғатта бұндай жағдайлар болмайды.

Өлі және тірі табиғаттың бір-бірінен айырмашылықтары көп. Бірақ олар бір-бірімен тығыз байланыста. Тірі ағзаға күн сәулесі, таза ауа, жылулық және су қажет. Барлық табиғат құбылыстарын сақтау өте маңызды болып табылады.

 

Тәрбиеші: Бәрекелді балалар, бізге  сиқырлы тақта тірі және өлі табиғат туралы қызықты мәліметтермен таныстырды. Кәне енді осы сиқырлы тақта бізді қызықты ойын ойнауға шақырады. Сендердің ойнағыларың келеді ме? (иә ойнағымыз келеді) Олай болса мен ойын барысымен таныстырайын. Ойынды ойнау үшін біз сендермен екі топқа бөлінеміз. Алдарыңда жатқан «гүл», «тас» суреттері бар текшелерді алу арқылы бөлінеміз.

(балалар текшелерді таңдап екі топқа бөлінеді)

 

Дидактикалық ойын:  «Тірі және өлі табиғатты ата»

Мақсаты: Балаларды тірі және өлі табиғат туралы түсініктерін молайту. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді, бірінші топ- интерактивті тақтада және орындарында сиқырлы шеңбер арқылы тірі және өлі табиғат  ажыратады, ал екінші топ — орындарында отырып постер құрастырады, табиғатты бөліктерін атайтайды.

 

Тәрбиеші: Өте тамаша! Балалар. Ойынды керемет орындадыңдар, шаршап қалған секілдіміз, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық. Қәнекей, бірге әуенге еріп көңілді қимылдар жасайық.

 

Сергіту сәті: (Видео караоке)

 

ІІІ — Қорытынды бөлім

Тәрбиеші: Бәрекелді,  балалар сендер бүгін оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

-Табиғат  нешеге бөлінеді екен?

  • Тірі табиғатқа нелер жатады?
  • Өлі табиғатқа нелер жатады?
  • Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Тәрбиеші: Сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Өте тамаша! Білімге құштар, оқуда озат болыңдар!

 

Күтілетін нәтиже: Жалпы табиғат туралы түсінік алды. Өлі және тірі табиғат туралы түсініктері қалыптасты.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *