“Қазақстан” газетінің оқу-ағарту, өнер-білімге қосқан үлесі

  “Қазақстан” газеті  1911-1913 жылдар аралығында Ордада, одан соң Оралда шығып отырған қазақ тіліндегі ең алғашқы биресми басылым. 

     Газеттің  жариялаған материалдарында ел ішіндегі саяси мәселелердің басым болғандығын білеміз. Бірақ газеттің оқу-ағарту, өнер-білімге қосқан үлесі жайлы не айта аламыз?

     Ғ.Қарашев қазақ халқына білім, ғылым тарату туралы: “Бізде тағы да бір қате пікір бар, орысшаң деп ғылымды жек көреді. Бұл да қате… әліппе, оқу яғни, қисап, жағрапия, хакимия (право), әндаса (инженерлік), тауарих (тарих), тәбип (дәрігерлік), химия (химия), дирават (ауыл шаруашылығы), тажират (сауда)  секілді пәндерде еш те орыстық, яки басқалық жоқ. Бұл пәндерді оқудағы мақсат оларда баян етілген қағидалардың мағынасын біліп, қолданып, адам балаларына түрлі жақтан пайда келтіруге болады. Бұларды арабша оқып біл, фарсыша оқып біл, түрікше оқып біл, бәрібір тек мағынасын жақсы біл де халыққа пайда келтір”- деген пікір қалдырған. 

    Жалпы Ғ.Қарашев басылымға оқу-білім  туралы  жазған, халқының жанашыры екендігін көрсеткен, нағыз азамат  болған. Оның осы газетке әсіресе оқу-ағартуға, өнер-білімге қосқан үлесін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұған оның “Бұлай мәслихат” атты мақаласы дәлел бола алады. Онда автор қазақтың өнерді, білімді үйреніп қана өмір сүре алатындығын жазып, солайша жастарға үміт артады. 

    Қорытындылай келе Қазақстан газеті қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалап, оқу-ағартуды меңгеруіне, өнер-білімді үйренуіне ешбір қорқынышсыз шығарылған басылымдары арқылы әсерін тигізген. Өйткені олар халықтың тек біліммен ғана өмір сүре алатындығын білген де, жеткізген де. 

 

 

ҚазҰУ, журналистика факультетінің 1-курс студенті Аман Ақнұр Бақытқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *