Аналарды аялайық

Ибрагим Зарина

Аналарды аялайық

Ана біздің өмірдегі ең жақын  сырласымыз.Тіпті жан-жануарлардың өзінде аналық махаббат бар.Мысалы ботасы өлсе түйенің көзіне жас алып жылауы.Осының өзі аналардың қандай керемет жан екенін көрсетеді….

Қаншама ақындар өлең жолдармен жүректі елжіреткен тамаша сөздер «Ана»деген сөздің құдіреті….Жанымызға тыныштық іздеген кезде сол кісінің жүзіндегі күлкіні көріп барлық қиындығымызды ұмыттыратын ол «АНА»….

Өмірге шыр етіп келгеннен бастап аялы алақанымен ақ сүтімен бізді өсіретін Ана.Түн ұйқысын төрт бөліп біз үшін жанын беретін Ана.Біз қателік жасағанда әрқашан кешіріммен қарайтын Ана.Қасыңда ешкім болмаған кезде сені жалғыз қалдырмайтын жан.Ананың балаға деген махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Бірақ та біздің Аналарымызғға деген  махаббатымыз жеткіліксіз.Ана туралы сөз  айтылған жерде көзімізге еріксіз жас келіп жүрегіміз елжірейді.»Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін»дейтін жан баласы үшін кеудесін отқа тосуға дайын…..

Тамақтың ең тәттісін алдымызға қойып өзі алғысы келген нәрсені алмасада баласының қуанышы үшін өз таңдауынан  бас тартып өзіміз қалаған нәрсені алып береді.

Аямай бар ғұмырын баласынан,

Төрт бөліп түн ұйқысын таң асырған.

Есейіп ер жеткенде бұл өмірде,

Анаңдай таба алмассың жанашыр жан!

Ана деген сөздің өзі керемет.Осы үш-ақ әріпте мұхиттың тереңдігіндей ойлар жатыр.Осы асыл жанымыз бізді әрқашанда жақсы көреді.Ешкім ақпаннан салбырап түскен жоқ!

Бәрімізге жарық дүние есігін ашқан ана.Ойланып қарасақ анамыз біз үшін бәріне дайын.Ана бауыр еті баласы үшін нестемейді?

«Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаңда,парызыңды өтей алмайсың»,-деген сөзге толықтай қосыламын.Шыныменде қанша талпынсақ та,жақсы істер істесекте,қанша қымбат сыйлық алып берсекте.Ананың ақ сүтін ақтай алмайды!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *