Менің арман-мақсатым

Орындаған: Жалау Гүлнұр

 

 

Әрбір адамда Арманда- Мақсатта болады.Менің ойымша осы екі нәрсе адамның өмірге деген құлшынысын оятады.Жәнеде бала кезден бергі арманымыз өсе келе мақсат болуы мүмкін.Мысалы белгілі бір мамандық иесі болу,басқада елдерді көріп саяхаттау.Біз мақсат қойғаннан кейін өмірде әрқашанда тура жолмен жүруіміз керек.Ал арман мен мақсаттың айырмашылығы қандай?

Менің ойымша екеуінде айырмашылық жоқ керісінше екеуінде тығыз байланыс бар.Мақсат айқындықта қаласа,арман  еркіндік өз ойыңа шектеу қоймағанын қалайды.Себебі арман адамның ойында туады.Бала кезден бір нәрсені армандап оны жүзеге асыруға тырысасың жәнеде сол үшін еңбек етеміз.

Менің қазіргі таңдаған ең үлкен мақсатым оқуымды жақсы аяқтап.Ата-анам мақтаныш қылып айтатындай жақсы мамандық иесі болу.Шын ниеттеніп сол мақсатыма жетеміз десем ондай қиын нәрсенің өзі бізге

оңай болады.Мақсат-адамдардың өз еңбектері арқылы жетуге талпынатын нәтиже.Жәнеде орындалған мақсатымыз тағы бір мақсатқа жол ашуы керек.Осы кезде менің ойыма «Армансыз адам қанатсыз құспен тең»деген мақал келіп тұр.Бұл нәрселер біздің өмірімізге бір жарық сәуле беріп тұрғандай.Осы арқылы біз өзімізді барлық қырынан сынап көреміз қай нәрсеге деген құлшынысымыз пайда болып сол нәрсері дөңгелетіп кете алсақ мақсатымызға қадам басқанымыз.Мақсаттар әр түрлі мөлшерде болады,бірақ олардың ең үлкені өмірдегі өз нанымызды тауып жей алатындай мамандық иесі болу. “Армандар орындалады, мақсатың айқын болса” Сол арман, мақсатты жүзеге асыру әрқашан өз қолыңда! Тек қана өзіңе сен, өзіңді алып шығар- Өзің ғана.

      Мақсат адам өміріндегі шешуші бір қасиет.Кейбір адамдар сол мақсатты жету жолында тынбай еңбек етсе,кейбір адамдар сол мақсаттың өздігінен орындалғанын қалайды.Және де мақсатқа жету жолында бізге әрқашанда демеу беретін ата анамыз тұрады.Кішкентай кезімізден бастап ата анамыз бізге әрқашан өз ақыл кеңестерін беріп.Қателік жасаған кезде қателігімізге кешіріммен қарап қолдап отырады.Себебі Адам үшін мақсатқа жету үшін жақындарының қолдауы қажет.Біздің алға қойған мақсатымыз бақыттың бастауы секілді,сол арқылы біз бақыттың не екенін түсінеміз.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *