Ұлттық салт-дәстүрлердің тағылымы қандай?

Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары болады. Салт-дәстүр ұлт, халық үшін өмір, қоғамның заңы болып негізделген. Қазақ халқында салт-дәстүрді құрметтеген. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған. Мысалы той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік, ата салты болып саналады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы үлкенді, ата-ананы құрметтеу, көрімдік, кәде сұрау, байғазы, сүйінші, сәлем беру, құрдастық қалжың, ат тергеу, т.б. салт-дәстүрге жатады. Салт-дәстүр көрінісі әдет, ғұрып, ишара, дағды, ырым, тыйым және т.б.

Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Этнограф Сейіт Кенжеахметұлы ел есінен шығып бара жатқан » бел көтерер», «немеурін», «құттық», «биеқыстырмақ» тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының  350 түрін тауып, жүйелеп ашып көрсеткен. Соған орай ол «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген анықтамалы жинақ бастырды. Ол этнограф қазақтың салт-дәстүрлеріне өзара топтастыра білді.

  1. Отау көтеру дәстүрлері: «Той», «Қалың мал», «Киіт», «Өлі-тірі»;
  2. Тәрбие дәстүрлері: «Шілдехана», «Сүйіндір», «Ат қою», «Бауырына салу»;

3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері: «Ауызбастырық», «Ат мінгізіп, шапан жабу»

  1. Еңбек дәстүрлері: «Асар» , «Көген той «, «Қолкесер»;
  2. Наурыз дәстүрлері: «Қыдыр ата», «Наурыз бата», «Әз»;
  3. Ислам тағылымдары: «Айт», «Құрбан шалу»; 7.Қаза ғұрыптары: «Жаназа», » «Көңіл айту», «Естірту»;

Жоғарыда аталып өткен дәстүрлеріміздің кейбіреуі қазіргі өмір салтымызда шығып қалған. Қазақ халқының тұрақтанған дәстүрінің бірі – жеті атасын білу. Жеті атасын тарата білу арқылы әркім басқа рулармен байланысын білген.

Дәстүріміз болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады! Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, дұрыс жеткізе білу әрбір адамның қолында!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *