Ұстаз – ұлы тұлға

«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің түлегі Балгалиева Айгүл Қуанқызы Ақтөбе қаласының тумасы. Айгүл Қуанқызы 1997 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне оқуға түсіп, 2001 жылы «биология» пәні мамандығын үздік  бітірді. 2020-2022 жыл аралығы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің  «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «педагогика ғылымдарының» магистрі дәрежесін алды.

Алғашқы еңбек жолы Байғанин ауданы, Ақтанкерей орта мектебінде бастау алды. 2010-2015 жылдар аралығында Мұнайлы ауданының №1 орта мектепте директордың инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарды. 2015 жылдан бастап қазіргі таңда «Назарбаев Зияткерлік Мектебінде» биология пәнінің жоғары санатты, тәжірибелі ұстазы.

Айгүл Қуанқызы еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру және білімі мен өнегесін жас ұрпаққа арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсау болса тәжірибелі ұстаз өзінің ұстаздық жолында бар жақсы қабілеттерін  аянбай жұмсауда. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша, ПШО; «Design thinking» біліктілікті арттыру курсын; 2016 жылы қараша айында «Triple science integration trainer» (Лондон) атты біліктілік курсынан өтті. Пандемия кезіндеде уақытын тиімді пайдалана білген, ізденімпаз ұстаз «Работа по одаренными детьми» онлайн курсы. Айгүл Қуанқызы әрдайым өзінің біліктілігін арттырып жүреді.

Бірнеше авторлық бағдарламасы бар, еңбекқор ұстаз: элективті курстың авторлық бағдарламасы «Адамның денсаулығы және қоршаған орта» Маңғыстау облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығы бекіткен, ғылыми зерттеу жұмысы  «Оқушылардың жаратылыстану – ғылыми сауаттылығын өлшеуді PISA нәтижелерімен салыстырудағы мұғалімнің зерттеушілік әрекетінің рөлі»  2022 жылғы «4» қазан Куәлік номері  № 29186, «Биологиядан жасөспірімдер олимпиадасы» көмекші құрал 2023 жыл 5 қаңтар куәлік № 31578

Ғылыми конференцияларда өз мақалаларын ұсынған және сертификаттармен марапатталған:

«Жаңа білім беру тәжірибесін жобалау» 2022 ж  Атырау

«Білім берудегі өзекті мәселелер мен жаңа технологиялар» 2021 жыл Актау қаласы

«Жас ғалымдар» Есенов Университеті 2021 жыл Ақату қаласы

«Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесін жетілдіру құралы» 2022 жыл , желтоқсан

2017 жылы Назарбаев Зияткерлік Мектебі Басқарма Төрағасының мақтау грамотасы, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің «Құрмет граомотасы», Маңғыстау облысы әкімінің Алғысхаты (2022 жыл/ қазан), Маңғыстау облысы «Дарын» ГП орталығы басшысының Алғысхаты (2022 жыл/ желтоқсан) марапатталған.

Ол адамгершілігі, сыйластығымен, ұжыммен тіл табысқыш, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ардақты ана, аяулы жар. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету сол адамға деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хәкім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі бары сөзсіз.

 

Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

«Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының оқытушысы: Семирханова Д.К

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *